«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Зиянды» импортты отандық өнімге айырбастау

2015 жылғы 02 Қазан
- Атырау облысы
11145 просмотров

Атырау облысының «Ұлттық индустриялық мұнай-техникалық технопаркі» Арнайы экономикалық аймағында алғашқы өнім шығарылды 

Арнайы экономикалық аймақ аумағында әрекет ететін «Полимер Продакшн» ЖШС полипропилен бұйымдар өндірумен айналысуда. Қазақстандық нарықтағы сапасыз әрі улы импорттық өнімді жою – кәсіпорын басшылығы осындай мақсатты ұстанып отыр.

ЖШС австриялық Ad*Star технологиясы бойынша тоқылған полипропилен қаптарын шығарады. Кәсіпорын қуаты жылына 48 млн. бірлік өндіруге мүмкіндік береді. «Өнім тоқылған құрылымның арқасында жоғары беріктігімен ерекшеленеді. Мұндай өнім ыдыс тасымалдау және сақтау кезінде залалды 25% дейін қысқартуға мүмкіндік береді», - деп атады өндіруші.

Кәсіпкер сонымен бірге екі түрлі үш қабатты полиэтилен үлдір шығаруды бастады. Жылына 4 000 тоннадан астам өнім шығару жоспарлануда. Бұл жылыжай салуда және тауарлар топтарын орауға арналған ауылшаруашылықта қолданылатын үлдірлер. Кәсіпорын басшылығының айтуынша, олар әдеттегі үлдірден 3-4 есе ұзақ қызмет етеді.    

«Үш қабатты құрылым олардың беріктігін сақтай отырып біршама жұқа үлдірлерді шығаруға мүмкіндік береді. Бұл оларды пайдалану көлемін қысқартуға сеп болады. Бұл өз кезегінде қоршаған ортаға жүктемені төмендетеді, полимер шикізаты мен оны қайта өңдеуге кететін электр энергиясы шығынын өнімнің бір бірлігіне орташа алғанда 20% есебінде қысқартады», - деді «Полимер Продакшн» ЖШС директоры Ғабит Зәкәрия.

Кәсіпорын жыл соңына қарай орама өндірушілер арасында сұранымы жоғары әрі бакалея өнімдері, снек, батончиктер, гүлдер мен парфюм, тағамдық және тағамдық емес өнімдерді орауда қолданылатын биаксиальді-бағдарлы үлдірді өндіру бойынша тағы бір желіні іске қоспақшы. Қазақстанда мұндай өндіріс алғаш рет іске асырылады. Бұған дейін күллі сұраным импорт көмегімен қанағаттандырылып келкен еді.

ББП-үлдір – бұл аталмыш үлдірді ең үздік орау материалы ететін бірқатар қасиеттердің арқасында жер-жерлерде таралған өнім. Мысалы, ББП орамасына кез-келген типографиялық бейнені артық күш салмай, өнім дүкен сөресіне жеткенше бояуы өшіп қалмайтынына сеніп түсіруге болады. Таңбасына қарай ББП-үлдір улы желімді қолданбастан ораманы дәнекерлеуге мүмкіндік беретін термопісіру қабатына ие бола алады. Көптеген азық-түлік өндірушілер ББП-ға қапталған өнім өз балғындығын жеткілікті түрде ұзақ сақтайды деп есептейді. Бұл қисынды да, себебі ББП–үлдір жоғары температураға, бөгде иіске, газ бен суға төзімді, бірақ сонымен бірге «тыныс алуға» қабілетті.

ББП-үлдірдің тағы бір қасиеті оның сыртқы эстетикалық сипаттамасы болып табылады: мұндай материалға оралған өнімнің сыртқы түрі тартымды және басқа орама түрлерінен ерекшеленеді.

Полимер үлдір және қап өндіруші - «Полимер Продакшн» компаниясы қазақстандық нарықты ғана жаулауды емес, көршілес елдер нарығында берік орын алуды жоспарлауда.

«Халықаралық сапа стандартына сәйкес келетін өнім шығармақшымыз. Аталмыш мәселенің заманауи экономикалық жағдайда қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Жабдық бойынша түрлі балама ұсыныстар көп болды. Бірақ біз бастапқыда өзімізге жоғары планка қойып қойдық – өнімдеріміздің көпшілігі азық-түлікті орауға арналған, сондықтан да ең соңғы жабдықта жоғары санатты шикізатты ғана қайта өңдейміз. Отандық нарықпен ғана шектелгіміз келмейді, сондықтан да экспортшылар есебінде сыналуға дайынбыз», - дейді «Полимер Продакшн» ЖШС басшысы.

Жаңа кәсіпорынның тағы бір маңызды ерекшелеуші факторы күллі шығарылатын өнімді қайталама қайта өңдеуге болатындығы болып табылады.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер