«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Хлор үшін салынған айыппұл

2015 жылғы 01 Қазан
- Ақтөбе облысы
8736 просмотров

Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасы «Рикс ЛТД» ЖШС құқығын қорғап шықты.

Сусындар мен ауыз су өндіретін «Рикс ЛТД» ЖШС зауыты Ақтөбеде 2013 жылғы қараша айынан бері әрекет етеді. Қуаты жылына 120 млн литр болатын жоба құны 1,4 млрд. теңгені құрайды. Кәсіпорын «Кронос» неміс фирмасының сағатына 20 мың бөтелке сусын өндіретін жабдығымен жарақталған.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік «Ақбұлақ» АҚ коммуналдық кәсіпорнының кінәсінен жұмысын жарты айға жуық уақытқа тоқтата тұруға мәжбүр болды. Жағдай шарықтау шегіне жеткенде  филиал директоры Полина Ермохина Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасына көмек сұрап келеді.

«20 шілдеде бізді «Ақбұлақ» АҚ су құбыры желісіне қосты. Ойым жасалғаннан кейін бір тәулік өткен соң құбыр жолына залалсыздандыру жүргізілуге тиіс болатын, алайда он күн өткен соң да олай жасалмады. Олардың суын қолдану мүмкін болмады: хлордың жағымсыз исі бар. Бұл туралы «Ақбұлаққа» екі рет жазбаша түрде жүгіндік, алайда олар хатымызды елемеді. Бір жасағандары, зертханаларында талдау жүргізу үшін, судың сынымасын алды, бірақ нәтижесі бізге ақыры хабарланбады», - дейді ЖШС басшысы.

Кәсіпорын өкілдері зерттеу жүргізу үшін «Ұлттық сараптау орталығы» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалының мамандарын шақыруға мәжбүр болады. Күтілгендей, нәтижесінде судағы еркін хлор құрамы 0,67 мг/л құрайды.

«Біз қайтадан «Ақбұлаққа» хатпен, сараптау нәтижесі жазылған хаттама көшірмесімен жүгіндік. АҚ зерханасы мен өндірістік-техникалық бөлімінің өкілдері келді, бірақ талдау жасай алмады. Сынама алу үшін «ҰСО» филиалының мамандарын қайтадан шақырдық. Еркін хлор деңгейі Мемлекеттік стандарттың жол беретін нормасынан асып кетіп, 0,67-0,74 мг/л құрап отыр», - деп жалғады сөзін Полина Ермохина.

Кәсіпкер Палата сарапшыларының түйткілді жылдам шешуге жәрдем көрсетуін сұрады. ӨКП құқықтық блогының сарапшылары Ақтөбе қаласы тұтынушылар құқығын қорғау бойынша басқармасына хатпен жүгінді.

«Басқарма басшылығымен келіссөздер жүргіздік және барлық қажет ақпаратты беруді, қолданылған шаралар туралы хабарлауды сұрадық. Ведомство мамандары жоспардан тыс тексеріс жүргізіп, оның барысында санитарлық-химиялық зерттеу жүргізу үшін су сынамасы алынды. Еркін хлор деңгейі нормада 0,5 болса, зерттеу нәтижесінде 0,83 мг/дм 3-ден асып түсті. «Ақбұлақ» АҚ бас инженерінің орынбасары Болат Қуанышевтың атына әкімшілік бұзу туралы хаттама жасалды. Оның 39 640 теңге мөлшерінде айыппұл төлеуіне тура келеді», - деп бөлісті жұмыс қорытындысымен ӨКП сарапшысы Руслан Күйшінов. 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер