«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Дәулет Ерғожин: «Салықтық тең құқықсыздық экономикалық түйткілдерге алып келді»

2015 жылғы 01 Қазан
13225 просмотров

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік табыс комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин «Атамекен» Пікірталас клубының кезекті отырысында сарапшыларға қосылған құн салығының табиғатын және Үкіметтің қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеуге қою үшін шектік мәнді төмендетуіне түрткі болған себептерді түсіндірді.

«Пікірталас тақырыбы бойынша  тарихи экскурс жасағым келеді. 2008 жылы Парламентте Салық Кодексінің жаңа жобасы талқыланған кезде, бизнес-қоғамдастықпен қызу пікірталас туындады. Оның нәтижесінде кәсіпкерлердің бірқатар санаттары ҚҚС төлеушілер қатарынан алынып тасталды. Бұл шағын бизнесті дамыту мақсатында жасалды. Бірақ осылайша салық салудың күллі жүйесі өзгеріске ұшырап, тең емес жағдай жасалды: ҚҚС төлейтін, күш жұмсап, есеп тапсыратын кәсіпорындар бар. Және де осы салықты төлемейтін кәсіпорындар бар... Осы жерде мынадай сауал туындайды: салық салудағы теңдік қағидаты неліктен бұзылады? ҚҚС барлығы төлеуге тиіс «жанама салық» санатына жататынын еске саламын», - деп түсіндірді Дәулет Ерғожин.

Мемлекеттік табыс комитеті төрағасы сонымен бірге ҚҚС бойынша жеңілдіктердің жағымды әсерін де бергенін атады: соңғы алты жылда жеке кәсіпкерлер саны 60%-дан астам мөлшерге өсті. Дей тұрғанмен, салықтық тең құқықсыздық салмақты экономикалық түйткілдерге алып келді.

«Неліктен біздегі бизнес іріленбейді, ұсақтала береді? Енді ғана тәй-тәй басып келе жатқан кез-келген орта кәсіпорынды алып қараңыз. Ондай кәсіпорын иесі өз бухгалтерінің алдына қоятын алғашқы міндеті – бөлшектену. Ол үшін көптеген туысқандарды тауып алады, не компания қызметкерлерінің өзі жеке кәсіпорын болып тіркеледі… Бірақ біз өсуге тиіспіз ғой! Біз алға жылжып, банктер бізді қалыпты салық төлеушілер ретінде бағалап, кредиттер беруі үшін, біршама ірі әрі күшті болуға тиіспіз», - деп көрсетті бас қазынагер.

Жаңа салық мәртебесіне 77 мыңнан астам компания ие болады. Енді «ҚҚС төлеушілер тіпті шалғай ауылда пайда болады» деген нұсқалар айтылды. Бірақ ауылдарда ондай салық төлеушілер жоқ – олар мұндай айналымға жете алмайды да. Ауылдарда негізінде патент бойынша жұмыс жасайтындар, яғни бір реттік төлемдерді іске асыратындар шоғырланған», - деп түсіндірді Дәулет Ерғожин.

Жаңа жолға түсу процесінің қиын әрі әркелкі жүретінін түсіне отырып, қазынашылар Салық Кодексіне жасалатын түзетулер қабылданғанға дейін қалған кезеңді түсіндіру жұмыстарына барынша пайдаланып қалуды ұсынады (заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауында жатқанын еске саламыз).

«Егер әкімшілік ету жөніндегі мәселелерді жасап шығу қажет болса, біз, жалпы, сұхбатқа дайынбыз. Біз «Атамекенмен» бірге бұл жайлы келісіп алғанбыз, және де қазір салық жаңалықтарын түсіндіру және кәсіпкерлерді оқыту бойынша кең көлемді жұмыс іс-шаралары жоспарын дайындап жатырмыз. Қызметкерлеріміз жер-жерлерге барып, ненің қалай, неліктен жасалып жатқанын түсіндіре бастайды. Салық төлеушілер санының соншалықты көп еместігін ескере отырып, топ құрып, технологияны тіпті жекелеп түсіндіреміз десек те болады», - деп ұсынды Мемлекеттік табыс комитетінің төрағасы.

ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов Дәулет Ерғожиннің ұстанымына түсіністік танытты.

«Біріншіден, біз қазіргі орын алып жатқан оқиғаларды ескере отырып, жағдайдың салықтарды өзгертуге сай келмеуі мүмкін дегенді де қарастырдық. Біздің алаңдатып отырған басты мәселе – сатып алушылық сұранымның төмендеуі және теңгедегі ақша жиынының сығылуы. Және де, шындығын айтсақ, бұл жағдайда салық реформалары, объективті түрде алғанда, пісіп-жетілді деген Үкіметтің дәйектерін түсінеміз. Әрине, қазір оған лайық жағдай емес те шығар, бірақ жақсы кездері біз мұны үнемі кейінге шегеріп қоямыз», - деп атады Ұлттық палата басшысы. – «Екіншіден, бухгалтерияны жүргізумен байланысты шағын бизнеске түсетін қосымша жүктемені де есептеу қажет. Не десек те, ҚҚС – оңай салық емес. Оны есептеу үшін білікті бухгалтерлер қажет».

Мемлекеттік табыс комитенінің төрағасы бүгінде бизнесті алаңдатып отырған басқа да түйткілдерді жеткізді.

«Салмақты түйткіл – «ұзақ ақшалардың» жоқтығы, кредиттер мен кепілдемелік жиынның жоқтығы. Осының бәрі нарықты сығымдап жатқаны соншалық, қазір «М1» және «М2» көрсеткіштеріне қарап отырсақ – олардың барлығы түсіп жатыр. Ақша жиыны сығыла бастағанда – есепке алулар мен бартерлер басталады. Ал бұл кәсіпкерлік белсенділіктің төмендеуін көрсетеді», - деп ескертті Дәулет Ерғожин.

Абылай Мырзахметовтың ойынша, ұғымды ақша-кредит саясатының болмауы экономиканың барлық салаларынан көрініс береді.

«Қазір ауылшарушаылық өндірушілеріне берілетін субсидиялар белсенді талқылануда, онда салмақты реформалар болғалы жатыр. Кейбір фермерлік шаруашылықтар өздеріне субсидия мөлшері емес, көктемде егістік салу үшін, уақытында берілетін арзан айналымдық қаражат керек екенін ашық мәлімдеуде. Сонда бизнес тағдыры біздің қазіргі талқылап отырғанымызға қарағанда, Ұлттық банктің ұғымды бағам және кредит-ақша саясатына көбірек тәуелді болып отыр. Егер ұзақ, салыстырмалы түрде арзан қаржы түйткілі шешілер болса, онда мемлекеттік қолдау шараларын алуға мұндай кезек болмас еді», - деп атады «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы пікірталас клубының қорытындысын шығара отырып.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер