«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қашағанда коммерциялық өндіру 2016 жылдың соңында қайта басталады

2015 жылғы 30 Қыркүйек
11318 просмотров

KAZENERGY 2015 форумында сарапшылар мұнай саласын дамытудың келешегін талқыға салды

Әлемдік энергетика көшбасшылары интерактивтік пікірталас барысында «мұнай бағасы мәселесі қалай болады?» деген басты сауалға жауап беруге талпынды.

Кездесу модераторы «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының басшысы Тимур Құлыбаев болды. Ол алғашқылардың қатарында Дүниежүзілік мұнай кеңесінің президенті Йозеф Тотқа сөз берді. Сарапшы мұнай бағасының әлсіреуі 2016 жылға дейін жалғасатынын атады. «Халықаралық энергетикалық агенттік дүниежүзі көлеміндегі жаһандық компаниялардың 2015 жылы мұнай және газды өндіруге кететін шығындарын 100 млрд доллардан астам сомаға қысқартады деп күтіп отыр. Мұнай компанияларының одан арғы қысқартуға дайындалып жатқанын көріп отырмыз, себебі қазір олар өздерінің бюджеттік жоспарларын қайта қарауда. Мұнай бағасының төмендігі салдарынан компаниялар капиталдық үлестерін көтеру үшін қолма-қол ақшаның белгілі бір тапшылығына ұшырасуда», - деді ол.

Йозеф Тот сонымен қатар шикі мұнай биржаларының 80 жылдардағы шекте тұрғанын айтып өтті. «Мұнай бағасына қатысты күткеніміз көңіл қуантпайды. Бизнесті экономикалық тұрғыдан біршама тұрақты ету үшін, күллі саланың өз жетістіктеріне назар аударуы қажет», - деп қорытты ол.

Сонымен қатар Қазақстанның энергетика министрі Владимир Школьник сөз сөйледі. Ол Қазақстанның саланы дамыту жөніндегі жоспары жайлы сөз қылды. «Мұнай өндіру секторының бұдан әрі дамуын геологиялық зерттеуді белсендіруден, өндіру салаларының ашықтығын бастамалау арқылы халықаралық қоғамдастыққа интеграцияланудан, әрине, жалпы алғанда, саланың инвестициялық тартымдылығын көтеруден көріп отырмыз», - деді министр.

Ол сондай-ақ қонақтарға мұнай саласындағы қазақстандық жобалар жайлы ақпарат берді. «Еуразия жобасы – бұл Каспий маңы ойпатын кешенді зерттеу. Жетекші халықаралық компанияларды жылына 100 млн тонна көлеміндегі өндіру жотасын ұзақ мерзімдік келешекте қолдауға тартуға сеп болатын инвестициялық артықшылықтар пакеті дайындалуда. Орта мерзімдік келешекте экономикалық өсім драйвері болып біздің ірі жобалар қала береді – бұл Теңіз жобасы. Жаңа нысандарды пайдалануға енгізу 2021 жылы орын алады. Бұл өндіруді 38 млн тоннаға ұлғайтуға және 20 мың жұмыс орнын жасақтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар 2016 жылдың соңына қарай Қашағанда коммерциялық өндірудің қайтадан басталуы күтіліп отыр. Қарашығанақ бойынша кен орнын бұдан әрі дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыру алда тұр. Қарашығанақты кеңейту жөніндегі жобалау жұмыстарын 2017 жылы аяқтауды, 2022 жылы пайдалануға беруді ойластырып отырмыз», - деп хабарлады Владимир Школьник.

«ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев өз кезегінде мұнай саласындағы ахуалға қатысты өз ойын білдірді. «Қазір сұраныс пен ұсыныстың дисбалансының белгілі бір нүктесінде отырғанымызды бәрі атап жатыр. Ұсыныстың айтарлықтай ұлғайғаны түсінікті. Мұнай саласы – бұл инерциялы сала. Мұнда жылдам қозғалыстар конъектура талабына қарай болады – инвестицияларды қысқарту, ертең қайтадан ұлғайту – бұл мүмкін емес сияқты. Жоғары бағалар кезеңі аталмыш салаға айтарлықтай инвестициялардың келуіне түрткі болды», - деп атады ол.

«Баға көтерілуі үшін, осы теңгерімді қысқа мерзімге теңестіруге бола ма? Сол баяғыша, сала инерциялы, капиталды көп қажет етеді. Жоспарланған барлық инвестициялық бағдарламаларды тоқтату сонша оңай емес. Дей тұрғанмен, бұл барлық жерлерде, сонымен бірге «ҚазМұнайГаз» компаниясында да жүріп жатыр. 2015 жыл бойынша ғана инвестициялар көлемін 130 млрд теңгеге қысқарттық – бұл біз үшін едәуір сома. Алайда әзірше өндіру деңгейін қысқартқан жоқпыз», - деді Сауат Мыңбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер