«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бізде өндірілетін ірімшік пен қой еті Ресейге өткізілмеді

2015 жылғы 29 Қыркүйек
10069 просмотров

Қазақстаннан апарыла жатқан 13 тонна қатты сұрыптағы ірімшік Ресей Федерациясында тергеуге түсті

Жүк Ресей ауылшаруашылық қадағалау Басқармасы мен Ресей ФҚҚ Алтай өңірі бойынша Шекара маңы басқармасы қызметкерлерінің тексерісінен өтпей қалды. Ресей ауылшаруашылық қадағалау Алтайдағы бөлімшесінің баспасөз қызметі атап өткендей, жүк Алматы қаласынан Барнауыл қаласына «Volvo» автомобилімен өтіп бара жатқан. Баспасөз қызметі сонымен бірге ірімшіктің Кеден одағының ветеринарлық сертификатынсыз әкетіліп бара жатқанына сендіреді, ал өнім көп бөлігінде таңбалауы жоқ картон қораптарға салынған екен.

Ақпаратта аталмыш жүкке қатысты жүргізілген бақылау нәтижесінде оны болашақта қолдану туралы шешім қабылданғанға дейін одан әрі қолдану құқығынсыз оқшауланған сақтауға орналастыру туралы шешім қабылданғаны аталады.

Сонымен қатар, жақында Алтай өлкесінде Қазақстаннан келе жатқан 60 келі қой етін алып өтуге рұқсат берілмеген. Ресей ауылшаруашылық қадағалаудың жергілікті басқармасында алып өтуге тыйымды жүкті алып жүруші жеке тұлғалардың қолында Кеден одағының №2 нысандағы ветеринарлық сертификаттарының болмауымен түсіндірді. Бұл Кеден одағы комиссиясының 18.06.2010 жылғы №317 шешімімен бекітілген Кеден одағының кедендік шекарасында ветеринарлық бақылауды жүзеге асырудың Бірыңғай тәртібін бұзу болып табылады, деп атады тексерушілер.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер