«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шағын кәсіпорындар жеке өрт сөндіру машинасын иеленуге міндеттелді

2015 жылғы 28 Қыркүйек
12126 просмотров

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құрылуы аса зор көлемдегі шығынға әкеледі. Ол шамамен 137 млн. теңге.

«Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасына «JTI Казахстан» ЖШС бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Джандан Мумджулар Мелис жүгінді. Оның айтуынша, 2014 жылғы қазан айында міндетті тәртіпте мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен нысандардың жаңа тізбесі күшіне енді. Оған өрт қаупі бар имараттары мен үй-жайлары бар, сонымен қатар мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшесінен 3 шақырымнан артық қашықтықта орналасқан 3,5 мың шаршы метр және одан артық ауданды алып жатқан сыртқы технологиялық қондырғылары бар барлық түрдегі өнеркәсіптік өндіріс ұйымдары мен кәсіпорындары түсіп отыр. Сонымен бірге ең төмен аудан жайлы талапқа қазірде аумағында ірі қойма жайлары бар өнеркәсіптік өндірістегі шағын кәсіпорындардың өзі сай келіп отыр.

«ҚР заңнамасы барлық талаптарына жауап беретін, техникасы бар мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құру үшін, кәсіпорын тарапынан аса ірі шығын қажет болатынын атап өту керек. Ол алдын-ала бағалау бойынша шамамен 137 млн. теңгені құрайды. Сонымен бірге аталмыш қызметті ұстауға кететін одан арғы шығын кәсіпорын үшін жыл сайын шамамен 32 млн теңгені құрайтын болады. Еліміздегі қазіргі тұрақсыз әрі дағдарысты жағдайда аталған шығындар отандық кәсіпкерлер үшін орындалмайтын және тіпті тоқырауға әкелетін шығынға айналады», - деп атады Джандан Мумджулар Мелис өзінің Ұлттық палатаға жазған ресми хатында.

Сонымен бірге «JTI Казахстан» ЖШС «Атамекен» ҰКП белсенді мүшесі ретінде аталмыш қаулыны жоба кезеңінде талқылауға қатысқаны, және де оның ескертусіз келісілгені хабарланды. Алайда жоба сатысында онда өзге критерийлер болған екен.

«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» Техникалық реттемесінде белгіленген талаптарға сәйкес, қала және ауылдық жер аумағына өртке қарсы қызмет бөлімшесінің орналасуын қалаларда шақыру орнына алғашқы өрт сөндіру бөлімшесінің келуі кезінде көп дегенде 10 минут, ал елді мкен үшін – 20 минут жағдайына қарау айқындалады. Өнеркәсіптік өндіріс ұйымдары мен кәсіпорындарының, ережеге сай, кептеліс пен бағдаршамдар азырақ кездесетін қала сыртында болатынын ескере отырсақ, өрт сөндіру бөлімшелері 20 минут ішінде шамамен 20 метр жерді жүріп өте алады. Осыған байланысты кәсіпорынның мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшесінен ең төменгі қашықтығы 3 шақырым деп орнатылуы бойынша талапты белгілеу себебі онша түсінікті емес», - делінген хатта.

«JTI Казахстан» өкілі мәселені шешу нұсқаларын ұсына отырып, «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының аталмыш жағдайды шешуге жәрдем көрсетуін сұрайды.

Оның айтуынша, бірінші кезекте ғимараттар мен үй-жай шаршы метрі бойынша талаптарды қайта қарап, аталмыш талапты 20 мың шаршы метрге дейін ұлғайту керек, сонымен қатар кәсіпорынның техникасы бар мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшесінен қашықтық бойынша мәселені аталмыш талапты 20 шақырымға дейін ұлғайтып, өзгерткен дұрыс.

Келесі бір ұсыныс қаулы талабын орындау үшін өтпелі кезеңді күшіне енген сәттен бастап кем дегенде 5 жыл ұзақтықта ұсынуға қатысты болды.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер