«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстан кәсіпорындарында 67 мыңнан астам маман талап етіледі

2015 жылғы 28 Қыркүйек
9167 просмотров

«Атамекен» ҰКП Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен бірге қазақстандық 5 мың зауытта сауалнама жүргізді

«Қазір елде салмақты индустрияландыру жүріп жатыр. Күн сайын кәсіпорындар ашылып, онда жаңа технологиялар, жаңа жабдық енгізілуде, бірақ, өкінішке орай, кадрларды даярлау жүйесі бұл процеске ілесе алмай келеді. Ең соңғы жабдықтарда жұмыс жасай алатын мамандар қиындықпен табылып жатады. Білікті кадрлардың жетіспеушілігі соңғы жылдары ел экономикасының дамуына кедергі келтіруші факторлардың бірі болып табылады, және де бұл түйткіл барлық кәсіпорындар басшыларын бірдей алаңдатады», - деп мәлімдеді «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Ол Ұлттық палатаның ҚР Денсаулық сақтау және Әлеуметтік даму министрлігімен бірге 5500-ден астам қазақстандық кәсіпорында сауалнама жүгізілгенін және 67 733 маман жетіспейтінін анықтағанын хабарлады.

«Былтырғы жылы біз дуалды білім беруді енгізу бойынша жол картасын дайындадық. Бүгінгі таңда Қазақстанның 838 кәсіпорны оған қатысып жатыр. Олар, біріншіден, мамандарды даярлауға колледждерге тапсырыс жасайды, екіншіден, өздерінің өндірістік алаңында осы мамандарды даярлауға қатысады. Бүгінде колледждегі 14 мыңнан астам студент дуалды бағдарламамен білім алып жатыр. Бұл жүйенің негізгі басымдылығы ол жастардың жүз пайыз жұмысқа тұратындығында», - деп атады Нұржан Әлтаев.

ҰКП басқарма төрағасы орынбасарының айтуынша, бүгінде кәсіпорындардың колледждерге қамқорлығы туралы 31 шартқа қол қойылған, кәсіпорындар мен салалық қауымдастықтар жанында кадрлар біліктілігін көтеру жөніндегі 39 оқу орталығы құрылған.

«Жоғары оқу орындарымен жұмыс белсендірілген. 10 университеттің директорлар кеңесі мен бақылау кеңестерінің құрамына бизнесмендер – білім беру бағдарламасын өздеріне сай ету жолында жұмыс жасап жатқан кәсіпорындар басшылары кіргізілген. Мұнда, біздің ойымызша, парламентте жатқан жоғары оқу орындарын автономдау туралы заң жобасы маңызды роль ойнайды», - деді ол.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер