Жаңа форматтағы тракторшыларды қайдан аламыз?
Дуалды оқыту: барынша ұзақ іс-тәжірибе, аз мөлшердегі теория
Тракторшылар, комбайншылар және басқа да білікті мамандардың жетіспеушілігінен шағын ғана емес, ірі кәсіпорындар да зардап шегуде. Егістіктегі жинау-егу жұмыстарын жақын болашақта кімге сеніп тапсыруға болады?
Бұл мәселе ауылдағы кәсіпкерлерді алаңдатпай қоймайды. Сондықтан да «ҚазРосАгро» ЖШС, «Су құбыры» ЖШС және Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы тарапынан Шонжы политехникалық колледжінің «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығында білім алып жатқан студенттеріне ерекше назар аударылуда.
Колледж Дуалды оқытудың жол картасына енгізіліп, кадрлар даярлау жөніндегі бұдан арғы ынтымақтастық туралы үш жақты келісім жасалды. Бүгінде 25 білімгер «барынша ұзақ іс-тәжірибе, аз мөлшердегі теория» форматында білім алып жатыр. Колледждің оқу жоспарлары мен оқу-өндірістік қызметінің кестесі жұмыс берушілермен келісілген, олардың ұсыныстарына сәйкес өзгертулер енгізілген.
Ең маңызды өзгерту іс-тәжірибені 57% дейін көбейту болды. ӨКП ойынша, дәл осындай ұстаным студенттердің таңдалған мамандық бойынша біршама терең білім мен тәжірибелік жұмыс дағдыларына ие болуына мүмкіндік береді. Сондықтан да болашақ тракторшы-машинистер 2 курстан бастап әлеуметтік серіктестерінің өндірістік базаларында өз мамандығының қыр-сырымен танысады.
Студенттер өндірістік процестің сырттай бақылаушылары ғана емес, белсенді қатысушылары. Кәсіпорында оларға тәлімгерлер бекітіліп, олар тәртіптен бастап болашақ тракторшы мамандығы дағдыларын игеруіне дейін қарап, студенттерге бақылау жасайды.
«Қазір бұрынғы кадрлар біртіндеп демалысқа кетуде, және де олардың орнына лайықты жас мамандар келуге тиіс. Колледждермен тығыз ынтымақтастық жақсы өнім береді деп ойлаймын. Студенттер іс-тәжірибе барысында өндірістегі еңбек шартына бейімделіп, оларға даяр маман болып келеді. Оның үстіне, олар жауапты, дербес және қоғамдық өмірде белсенді бола түседі», - дейді «ҚазРосАгро» ЖШС тәлімгері Б.Иембердиев.
Өңірде тракторшылардың, комбайншылардың және басқа да бұқаралық мамандықтар мамандарының орташа жасы елуден асып кеткен. Ауыл шаруашылығының техникалық тұрғыдан қайта қарулануы жүріп жатыр, және де ол жұмыс кадрлардың уақыттан қалып қоймауын талап етеді. Күрделі техника мен жабдықта жұмыс жасай алатын адамдар керек.
«Кәсіпорын базасында біліктілікті көтеруді және оқытушылар мен өндірістік оқыту мамандарының машықтануын ұйымдастырамыз. «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті көтеру орталығымен біліктілікті көтеру саласында ынтымақтастық туралы келісім жасалды. Аталмыш орталықта Палатаға үйлестіруші ролі беріледі. Кәсіпкерлердің өзіне тәжірибелік біліктер мен қарқынмен дамып бара жатқан заманауи өндіріс жайлы білімдердің жетіспейтіндігі де құпия емес», - деп түйіндеді Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Алмагүл Оңғарбаева.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: