«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ӨКП редакцияны қорғап қалды

2015 жылғы 25 Қыркүйек
- Қарағанды облысы
12416 просмотров

«Жезқазған газеті» ЖШС мен қалалық мемлекеттік табыс басқармасы арасындағы 2011 жылдан бері созылып келе жатқан дау аяқталды.

«Жезқазған газетіне» 2011 жылы салық тексерісі нәтижелері жайлы хабарламаға сәйкес 3 310 810 теңге сомасындағы корпоративтік табыс салығы мен 2 696 275 теңге сомасындағы өсімпұл үстеліп есептеледі.

Ал 2014 жылғы қараша айында «Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексін) қолданысқа енгізу туралы» ҚР заңына өзгертулер енгізілді. Аталмыш өзгертулерде 2014 жылғы 1 қаңтарға дейінгі ахуалы бойынша салық төлеушілердің жеке шоттарында тұрған және 2014 жылғы 1 қазанға дейін төленбеген өсімпұлдар сомасы салық қарызы деп есептелмейтіні, сондай-ақ бюджетке енгізуге жатпайтыны және шығысқа жазылатыны көзделген. Газет қарызы да дәл сондай болған еді – салық қарызы Жезқазған қаласы бойынша Салық басқармасындағы салық төлеушінің жеке шотында 2012 жылғы қаңтар айынан бастап 2013 жылғы қазан айына дейін есепте тұрған.

2013 жылдың қазан айында, 2 ай өткен соң, ЖШС Қарағанды облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына Жезқазған қаласы бойынша мемлекеттік табыс басқармасының үстінен салық тексерісі нәтижелері бойынша хабарламаны заңсыз деп тану және күшін жою туралы қуыным арызымен жүгінеді. Алайда сот шешімі салық органының пайдасына шығарылады.

Осыдан кейін «Жезқазған газеті» ЖШС Жезқазған қаласы бойынша мемлекеттік табыс басқармасына аталмыш амнистия аясында өсімпұл мен айыппұлды шығынға жазу бойынша шара қолдану туралы хатпен жүгінеді. Оған ЖШС бойынша 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін жеке шотта өсімпұл бойынша қарыздың болмағаны, сондықтан да бүгінгі күнгі өсімпұлдың шығынға жазуға жатпайтыны жазылған жауап келеді. Бірақ өсімпұл ЖШС есебінде болды, бұны салықтар бойынша есептеулерді салыстырып тексеру актісі растайды, бірақ жеке шотта шағымдану сатысындағы сома ретінде тұрған екен.

Ұзаққа созылған сот талқылауы газетті Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасына алып келді.

Палата сарапшыларының мұқият түсіндіруінен кейін бір ай өткен соң жезқазғандық редакция соттың әділ шешіміне қол жеткізе алды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер