«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шығыс Қазақстан облысында май қайта шығарылатын болды

2015 жылғы 25 Қыркүйек
- Шығыс Қазақстан облысы
11765 просмотров

Өскемен май зауытының «Агробизнес-2020» бағдарламасына қатысу мерзімі ұзартылды

«Өскемен май зауыты» ЖШС күнбағыс дәнін қайта өңдеуге және «Заречное» және «Аскан» сауда таңбасындағы күнбағыс майын өндіруге маманданған. Зауыттағы жұмысшылардың жалпы саны 200 адамнан асады. Оларға еңбекақы тұрақты түрде беріліп тұрады. Кәсіпорын «Агробизнес-2020» мемлекеттік қолдау бағдарламасының қатысушысы болып табылады. Іс ойлағандай жүріп жатқан сияқты болып еді, бірақ…

Банк-оператор өз мүддесін қорғай отырып, ақшалай қаражаттың едәуір бөлігін өзінің коммерциялық мақсаттары мен мүдделеріне шығынға жазғандықтан, қазірде кәсіпорынның «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша негізгі қарызын жабатын қаржылық мүмкіндігі жоқ.

Сөйтіп, ШҚО Кәсіпкерлер палатасына «Өскемен май зауыты» ЖШС-дан кәсіпорынның «Агробизнес-2020» бағдарламасына қатысуына қатысты өтініш келіп түседі.

Оператор банк - «Банк ВТБ» Қазақстан тарапынан негізгі келісім шарттарын бірнеше мәрте айтарлықтай бұзулар орын алу нәтижесінде, Өскемен май зауыты салмақты қаржылық қиыншылықтарға ұшырап отыр. 

«2014 жылғы қараша айынан бері ВТБ банк атына қайта жаңғыртылатын шарттар бойынша кредитттік қаражат беру туралы бірнеше мәрте жүгіндік, бірақ ол банк бастамасы бойынша берілмеді», - дейді кәсіпорын директоры Илья Батов.

Палатада аталып өткендей, негізгі шарттың басты тармағына сәйкес, банктің пайыздық мөлшерлемесі жылдық 11 % құраған, банк ұсынған жылдық 25% пайыздық мөлшерлемесі кәсіпорынды шығынды кәсіпорындар қатарына қою ниетін байқатады және шарттың маңызды талаптарына қайшы келеді. Бұл, негізінде, заңсыз әрі шарттың барлық негізгі мәнін өзгертіп жібереді.

Қазірде қажет қаржыландырудың болмауы шикізат жеткізудегі іркіліске, өндірістің тоқтауына, дайын өнімдердің өткізу нарығынан айрылуға, мамандардан айрылуға алып келеді. Ақырында кәсіпорынның банкроттығы орын алары сөзсіз.

«Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша қаржыландырудың екінші деңгейдегі оператор банк «ВТБ Банк» Қазақстаннан» келетінін ескере отығанда, май зауыты «Агробизнес-2020» Бағдарламасының әкімшісі – ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі алдындағы міндеттемесін тікелей орындау мүмкіндігінен айрылып отыр, себебі банк барлық ақшалай қаражатты пайыздар мен негізгі қарызды жабуға шығынға жазуда.

«Республикада әрекет ететін мемлекеттік бағдарламалардың банктерді емес, ең алдымен АӨК шағын және орта бизнес субъектілерін қаржылай сауықтыруға және қолдауға бағытталғанын атап өткім келеді. Банктің «Өскемен май зауыты» ЖШС алдындағы міндеттемелерін толық көлемде орындамауы оны «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламасы қатысушылары қатарынан алып тастауға негіздеме бола алмайды деп есептейміз», - дейді ШҚО КП директоры Игорь Шацкий.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі арлдында «ӨМЗ» ЖШС «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламасына қатысуын ұзарту туралы өтініш жасады.

Осылайша, кәсіпорын шеккі шараларды қолданып, ШҚО экономикалық сотына жеделдетілген оңалту процедурасын қолдануға қуыным арызын беруге мәжбүр болып отыр.

Ақырында өтінішті облыс прокуратурасы, Кәсіпкерлер палатасы мен Мемлекеттік табыс департаменті қолдады. Қуыным арыз қанағаттандырылды.

Қазірде кәсіпорынға өндірісті қалпына келтіруге 24 ай мерзім беріліп отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер