«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлер бақылау-кассалық машиналарынсыз жұмыс жасағаны үшін әзірше жазаланбайды

2015 жылғы 23 Қыркүйек
12147 просмотров

Мемлекеттік органдар «үзіліс жасап», шағын бизнестің техникалық тұрғыдан даярлануына мүмкіндік беруге дайын

ҚР Бас прокуратурасында өткен «Атамекен» ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес отырысында Палата басқарма төрағасының орынбасары Гүлнар Құрбанбаева бақылау-кассалық машиналарды енгізу мәселесін тағы көтерді. «Техникалық себептерден кәсіпкерлік субъектілерінің физикалық тұрғыдан жүзеге асыруы мүмкін болмайтын бірқатар нормативтік-құқықтық актілер қабылданды. Бұл POS-терминалдарды енгізудің міндеттілігіне қатысты мәселе. «Үйінің жанында дүкені бар» деп аталатын және алкоголь өнімін сататын 56 мың шағын кәсіпкерлік субъектісі үшін ауыр болатын тағы бір қосымша – бұл деректер беретін бақылау-кассалық машиналардың болу қажеттілігі. БКМ орнатуға барлығы 9 мың субъектінің ғана мүмкіндігі бар. Норма 2015 жылғы 1 шілдеден бастап әрекет етеді, және де жақында тексерістер басталады деп шамалаймыз. Кәсіпкерлерімізді не үшін жазалайды деген сауал туындайды. Норма әрекет етеді, бірақ оны техникалық тұрғыдан орындау мүмкін емес», - деп мәлімдеді ол.

Бұл мәселеге ҚР қаржы вице-министрі Руслан Дәленов жауап берді. Ол әзірше шағын бизнесті БКМ болуына тексеруге болмайтынын атай отырып, Гүлнар Құрбанбаеваның сөзімен келісті. «Бұл мәселедегі менің жеке ұстанымым мынадай: нарықты бақылау-кассалық аппараттарымен техникалық тұрғыдан жарақтандыруға болатын белгілі бір кезең бар. Ұлттық палатамен бірге осы кезеңді айқындап, бекітіп, осыған қарай ақтық мерзімді белгілеу керек. Заңнамаға өзгерту енгізу қажет болатын шығар, бірақ норма жұмыс жасап жатқандықтан, мұны қатар жасау керек. Белгілі бір үзіліс жасау қажет. Ұлттық палатаның бастамасына қолдау жасайық», - деді ол.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер