«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тимур Құлыбаев: «Жалған өндірушілермен күресеміз»

2015 жылғы 22 Қыркүйек
- Маңғыстау облысы
11700 просмотров

«Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшелерімен Ақтауда өткен жұмыс кездесуінің барысында осылай деп мәлімдеме жасады.

Төраға атап өткендей, «бұл, жалпы, ел көлеміндегі үлкен түйткіл, себебі барлық мемлекеттік сатып алуларға отандық жалған өндірушілер қатысады».

«Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жақында ғана отандық өндірушілерді сертификаттауға кіріскен болатын, яғни біз отандық адал өндірушілер тізімін жасаймыз. Сосын, мемлекеттік сатып алулар бойынша осы тізіліммен жұмыс жасайтын боламыз. Жасанды СТ-KZ сатып алып, қазақстандық өнім кейпіндегі мемлекеттік жеткізулерді жүргізіп жүрген ондай фирмалар өте көп. Оларда цех бар, жұмыс жасамайтын білдек қойылған, отандық деп шетелдік өнімді өткізе береді. Мүмкіндігінше әрі шамамыз жеткенше осымен күресетін боламыз», - деп мәлімдеді Тимур Құлыбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер