«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Елдегі бензин бәріне де жетеді

2015 жылғы 22 Қыркүйек
15257 просмотров

Қазақстан сақтық жасап, жанармайды молынан қамдап қойды. Ешқандай да АҚБ тапшылығы күтілмейді.

Энергетика министрі Владимир Школьник Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осындай мәлімдеме жасады. «Тамыз айында, тапшылық орын алады деп үрейленіп, 74 мың тонна әкеліп қойдық, бүгінде 41 мың тонна әкелініп отыр, ал енді қорымыз 214 мың тоннаны құрайды», - деп нақтылады министр.

Владимир Школьник ағымдағы жағдайды былтырғы жылғымен салыстыра отырып, 2014 жылы ЖЖМ қоры 90 мың тоннаны құрағанын атап өтті.

«Сондықтан да 92 таңбалы бензиннің қоры жеткілікті», - деп сендірді энергетика министрі.

Владимир Школьник сонымен қоса үкіметтің тапшылықты болдырмас үшін АИ-92 бензинінінің бағасын еркін жібергенін еске салуды ұмытпады. Министр берген деректер бойынша, Ресейдегі колонкада АИ-92 бүгінде 1 литр үшін 143 теңге тұрады, ал бізде, Қазақстандағы құю бекетінде 1 литр үшін орташа алғанда 125 теңге. «Бензинді көтерме бағамен сатып алатын болғандықтан, төменірек болып отыр, және де онда Ресей Федерациясының сәйкес салықтары жоқ, тек біздің салық, акциздерді есептейміз, сондықтан да қазір әкелу тиімді», - деп атады Энергетика министрлігінің басшысы.

Министр аталмыш саладағы түңілушілерге арифметикамен айналысуға кеңес беріп, оған қоса Қазақстанда америкалық валютаға қайта шаққанда ТМД бойынша ең арзан бензин болып отырғанын айтып өтті.

«Алыңыз да бөліңіз: былтыр – бағасы 128 теңге (Аи-92 1 литрі - авт.) және бағам (теңгені долларға шаққандағы) 150, бензин доллармен алғанда 1 литрі үшін 80 цент тұрды. Қазір - 125 бағасын (Аи-92 1 литрі үшін теңгемен) 270-ке бөлсеңіз (теңгенің долларға шаққандағы бағамы), 40 цент шығады. Доллармен әлдеқайда төмен болып отыр», - деп баса көрсетті министр. Владимир Сергеевич бұдан арғы баға динамикасы жайлы болжам жасауға бармады. Бұған «бәрі де РФ рублінің бағамына, және де теңгенің долларға қатысты бағамына байланысты» екенін дәйек етті.

«Осы болжамды сәл-пәл көрсетіп берсеңіздер, бензиннің қалай болатынын айтып берейін», - деп түйіндеді министр.

Жанар Сердалина 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер