«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Салық заңнамасындағы өзгерістер шағын және орта бизнестің дамуына сеп болмайды

2015 жылғы 21 Қыркүйек
9609 просмотров

«Контракт» ЖШС директоры Лариса Фомичева Үкіметтегі салық бастамаларына қатысты өз ойымен бөлісті.

Оның ойынша, ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына түскен салық түзетулері елдегі бизнес-климатты нашарлатып жіберуі мүмкін.

«Үкіметтен мұндай қадамды күткен жоқпыз. Экономиканың құлдырау кезеңінде, бизнес қолдауға зәру болып отырғанда, жаңа салық өзгерістері кәсіпкерге қатты сезіледі әрі ауыр салмақ болары анық», - деді кәсіпкер мұндай маңызды шешімдердің бизнеспен келісусіз қабылданып жатқанына қынжылып.

Оның айтуынша, акцизделетін кәсіпорындар мен жер қойнауын пайдаланушылар заң жобасында болжанып отырған жаңалықтар әсерін алғаш боп сезінеді.

«Деректерді онлайн-беру функциясы бар БКМ орнату жөніндегі соңғы жаңалықтар, POS-терминалдар орнату, алкоголь өнімін өткізу бойынша жыл сайынғы лицензиялық алымды төлеу онсыз да кәсіпкерлердің шығындарын ұлғайтып отыр. Бұл шағын бизнестің дамуына сеп болмайды. Керісінше, Алматы облысында өндірістің қысқару тенденциясы байқалуда, ал шағын кәсіпорындар салық жүктемесіне шыдамай қызметтерін тоқтатуға мәжбүр болуда», - деп атады Лариса Фомичева. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер