«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

POS-терминалдар үшін постскриптум болмайды

2015 жылғы 21 Қыркүйек
13345 просмотров

Жеке кәсіпкерлер үшін POS-терминалдарды міндетті қолдану мерзімі қайтадан шегерілмейтін болды.

Қазақстанның Қаржы министрлігі Мемлекеттік табыс комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин осылай деп хабарлады.

Қаржы министрлігі бұған дейін POS-терминалдық жабдықты орнату мерзімін 2014 жылғы 1 қаңтардан 1 маусымға дейін ұзартқанын еске саламыз. Қазір оны сауда және басқа да салаларда жалпыға белгіленген салық режимінде жұмыс жасап жүрген заңды тұлғалар ғана қолданады. Үш ай өткен соң, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап, pos-терминалдарды қолдану патент бойынша, сонымен қатар жеңілдетілген режимде жұмыс жасайтын жеке кәсіпкерлер үшін де міндетті болмақшы.

«Мерзім енді шегерілмейді. POS-терминалдарды барлығы қолданып, чектер жазып беруге, бақылау-кассалық машиналарды қолдануға тиіс», - деді осыған орай Дәулет Ерғожин.

Қаржы министрлігі берген деректер бойынша, pos-терминалдық талап шамамен 300 мың жеке кәсіпкерлікті қамтиды.

Мәжілісте алда кәсіпкерлер мүдделерін қозғауға қабілетті салық түзетулерінің пакеті талқыланатынын айта кетейік. Дәулет Ерғожиннің деректеріне сүйенсек, қосылған құн салығын сатуға салынатын салықпен ауыстыру туралы заңнамалық ұсыныс парламенттің төменгі палатасына әзірше енгізілмеген.

Мемлекеттік табыс комитетінің басшысы тақырыпқа түсінік бере отырып, «норманың қосымша талқыланатынын» атап өтті. «Күз бойында анықтаймыз, деп ойлаймын», - деп түйіндеді Дәулет Ерғожин.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер