«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстандық алысқа қатынайтын жүргізушілердің автомашиналары 70 пайызға дерлік тозған

2015 жылғы 21 Қыркүйек
9248 просмотров

Логистика және тасымалдар комитеті Хатшылығының Автомобиль көлігі қосалқы комитетінің бесінші отырысында осындай ақпарат айтылды

Қазақстанның Халықаралық автомобильмен тасымалдаушылар одағының бас хатшысы Теодор Капланның төрағалығымен өткен отырыста түйткілді мәселелер мен автомобиль тасымалдары саласындағы кәсіпкерлікті дамыту әлеуеті талқыланды.

Қазақстан Республикасы Халықаралық автомобильмен тасымалдаушылар одағы (ҚазАТО) отырысқа қатысушылар назарына халықаралық автомобильмен тасымалдаушылар саласындағы кәсіпкерлікті дамытуды кешенді зерттеу негізінде даярланған Аралық есепті ұсынды.

2013 жылғы 1 қаңтардағы ахуалы бойынша салыстырмалы деректерге сүйенсек, ресейлік тасымалдаушылардағы автокөлік құралдарының үлесі 58% құраған, белорустық тасымалдаушыларда - 72%, ал қазақстандық тасымалдаушыларда – тек 19%.

«Қазақстандық халықаралық тасымалдаушылардың қозғалмалы құрамының тозу дәрежесі 2014 жылы 68% құраған», - делінген ҚазАТО есебінде.

Қосалқы комитет отырысында қызу талқыланған тақырыптардың бірі: үшінші елдерден сатылып алынған автокөлік құралдары 2016 жылғы 1 шілдеден кейін айналымға қалай шығарылады, себебі олар кедендік тазалауға және автокөлік құралдарын есепке қоюға арналған сәйкес құжаттарды ала алмайды. Аталмыш мәселенің қалай шешілетіні жайлы түсінік әлі күнге дейін халықаралық тасымалдаушыларда да, мемлекеттік реттеу органдарында да жоқ.

«Қазақстанда Бүгінгі таңда үшінші елдерден сатылып алынған жүк автокөлік құралдарын айналымға шығаруға сәйкес құжаттар (көлік құралы типінің сәйкестігін) беретін құқыққа ие сертификатталған бірде бір орталық жоқ», - деп мәлімдеді ҚР Халықаралық автомобильмен тасымалдау одағының басшысы Теодор Каплан.

Қозғалмалы құрам паркін толықтыру түйткілімен бірге шешілмеген көптеген мәселелер жинақталып қалды, негізгісі – Қазақстан Республикасының аумағында көлік бақылауын ұйымдастыру.

ҚазАТО берген ақпарат бойынша, бүгінде шетелдік тасымалдаушыларға сыртқы шекарада берілген хабарламалардың көп дегенде 50% ғана Қазақстан Республикасы көліктік бақылау бекеттерінде белгіленеді («жабылады»), бұл шетелдік операторлардың сәйкес рұқсаттарсыз жүктерді тасымалдауына, немесе қайтадан (бірнеше мәрте) қолдануына (рұқсаттарды) алғышарт жасайды. Кеден одағының сыртқы шекарасы арқылы келу кезінде көліктік бақылау органдары анықтаған және берген рұқсат ету жүйесі бұзуларының саны Қазақстан аумағында тексерілген автокөлік құралдарының санынан едәуір көп, ал айыппұл салынған тасымалдаушылар саны бірен-саран ғана. Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлықты тудырады.

Есепте көрсетілген тағы бір түйткіл қырғыз тасымалдаушылары тарапынан орын алатын жосықсыз бәсекелестік болып табылады.

Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа кіруіне орай және барлық елдер операторларына тең жағдай жасау мақсатында үшінші елдерге/елдерден жүк тасымалдауға рұқсат ету жүйесін қолдану жағынан сәйкес өзгертулер енгізу туралы Үкіметаралық хаттамаға қол қойылғалы (2014 жылғы 7 қараша) бір жылға жуық уақыт өтті. Алайда осы күнге дейін Хаттама Қазақстан Республикасында да, Қырғызстанда да ратификациялаудан өткен жоқ.

Отырыс қорытындысы бойынша отандық тасымалдаушылардың бәсекеге қабілеттілігін көтеру мақсатында бірқатар ұсыныстар даярланды.

Атап айтқанда, ҚазАТО қозғалмалы құрам паркін жаңартуға мемлекеттік қолдау көрсетуді, 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы үшінші елдерге/елдерден жүк тасымалдауға рұқсат етусіз жүйенің күшін жою туралы Үкіметаралық Хаттаманы ратификациялауды, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2011 жылғы 9 желтоқсандағы «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық реттемесін қабылдау туралы» шешіміне сәйкес 2016 жылғы 1 шілдеден кейін Қазақстан Республикасындағы жүк автокөлік құралдары айналымынына шығару құқығына сертификаттау туралы шешімді іске асыруды, сонымен қатар ҚР аумағына сәйкес рұқсаттарсыз келе жатқан шетелдік тасымалдаушыларға көлік бақылауын күшейтуді ұсынады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер