Өткізу ісінде жәрдемге келді
Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасы ірі компанияның өнімін өткізуде туындаған түйткілін шешіп берді
«Тандем W» ЖШС 2008 жылы малды өсіру мен бордақылаудан бастап дайын өнім шығаруға дейінгі «халал» стантартты ет және шұжық өнемдерін өндіру бойынша бірыңғай кластер құру жөніндегі жобаны іске асыруға кірісіп кетті.
«Біздің кәсіпорын еуропалық қауіпсіздік нормалары бойынша тағам өнімдері өндірісін жобалап, жасады. Неміс өндірістік жабдықтарымен жарақталған ет комбинаты бар. Онда мал сою цехы, шұжық цехы, өндірістік зертхана, жартылай фабрикаттар цехы, орама цехы бар. Өніміміз ISO 9001-2001, ISO 22000-2006 халықаралық сапа стандарттарына сәйкестікке сертификатталған, сонымен қатар кәсіпорын «ЭКО» сапа сертификаты мен өнімнің Кеден одағы талаптарына сәйкестігі туралы декларацияға ие. 2009 жылдың қыркүйек айында компания қызметі етті экпорттау үшін голландиялық «PUM» компаниясының сараптамалық қорытындысынан өтті», - дейді «Тандем W» ЖШС директоры Виссарион Ким.
Компания 2015 жылдың бірінші жарты жылдығында 74 миллион теңгенің өнімін өндірген және халықтан 400 миилионнан астам ірі қара мал басын сатып алған. Бірақ өтудің төмендігі мен шұжық өніміне арналған ет қорының көптеп жиналып қалуы салдарынан, кәсіпорын халықтан мал сатып алуды тоқтатуға мәжбүр болады. ЖШС директоры өңір кәсіпорындарына ет және ет өнімдерін жеткізу мәселесін шешуде жәрдем сұрап Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасына жүгінеді.
«Кәсіпкерлікті дамыту орталығының мамандары кәсіпорында мемлекеттік сатып алулар жөніндегі бағдарламаны орнатып, онымен жұмыс жасауға үйретті. Сөйтіп, процесс басталып кетті. Қыркүйек айының басында екі тонна ет жеткізуге тендер ұтып алдық. Жақында ғана тағы екі лотқа қатыстық. Қазір бізде 22 адам жұмыс жасайды, ал ісіміз осылай жүре беретін болса, жұмыс орындарын 56-ға дейін көбейте аламыз», - жеп уәде берді ЖШС директоры.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: