«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстанның жиһазшылары: «Біз үшін EXPO көрмесіне қатысу – күнкөріс қамы»

2015 жылғы 18 Қыркүйек
11955 просмотров

Отандық жиһаз өндірушілердің халықаралық көрме құрылысына қатысқылары келеді

«Атамекен» ҰКП алаңында отандық жиһаз өндірушілер «Астана EXPO - 2017» ұлттық компаниясымен, «Бәйтерек девелопмент», қосалқы мердігер құрылыс компанияларымен ЭКСПО-2017 салынып жатқан нысандар үшін өнім сатып алу көлемін ұлғайту мәселелерін талқыға салды.

Кәсіпкерлер палатасы Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева атап өткендей, Палата, Мемлекет басшысының мемлекеттік сатып алулардағы қазақстандық мазмұн үлесін ұлғайтуға қатысты тапсырмасына орай, аталмыш мәселені мемлекеттік органдар және мемлекеттік сыңайлы кәсіпорындармен бірге талқылауда.

«Бәйтерек девелопмент» берген деректерге сүйенсек, қазірде EXPO-2017 жобасының аясында Астанада 1 374 пәтерден тұратын екі көп пәтерлі тұрғын үй кешені, сонымен қатар жалпы ауданы 138 мың шаршы метрді құрайтын сауда ойын-сауық орталығы салынып жатыр.

Пәтерлер көрмеге келетін қонақтар үшін салынып жатқандықтан, онда жиһаз болуға тиіс. Осыған байланысты Палата «Астана EXPO-2017» компаниясына осы ірі тапсырысқа отандық жиһаз кәсіпорындарын барынша тартуды сұрап жүгінді.

«Астана EXPO-2017» берген ақпарат бойынша, 2016 жыл бюджеті әзірше бекітілмеген, қазір ол Үкімет қарауында жатыр.

«Осы қаражаттарды секвестрлеу бойынша салмақты жұмыс жүріп жатыр. Сондықтан да «жиһазбен жабдықтау» деген сияқты тармақ көзделген, бірақ сатып алу іс-шараларын ұйымдастырушы мен аталмыш тармақтың әкімшісі «Бәйтерек девелопмент» компаниясы болуы мүмкін, себебі аталмыш пәтерлердің де иесі сол компания болып табылмақшы. Осыған байланысты қазір ақшалай қаражатты жылжымайтын мүлік иесі ретінде «Бәйтерек девелопмент» арқылы бөлуге қайта бағыттаумен айналысып жатырмыз», - деп хабарлады «Астана EXPO-2017» ұлттық компаниясы баға, сатып алу және жергілікті мазмұн маркетингі департаментінің директоры Анна Боева.

Ол сонымен қатар «EXPO-2017» көрмесін ұйымдастыруға арналған импорттық тауарлардың кеден баждарын, салықтарды төлеусіз, сонымен қатар бейтарифтік әрі техникалық реттеу шараларын қолданусыз әкелінетінін атап өтті. Мұндай тауарлар Қазақстан Республикасының аумағы шегінде және көрмені ұйымдастыру әрі өткізу мақсаттарында ғана қолданылуға тиіс.

«Астана EXPO-2017» өкілдері берген ақпарат бойынша, көрме қонақтарына арналған пәтерлер 2016 жылдың соңына қарай, шамамен қыркүйек айында салынып бітеді. Сәйкесінше, оларды жиһазбен жабдықтау 2017 жылғы қаңтар айына қарай аяқталуға тиіс, себебі ақпан айында адамдар келіп кіре бастайды.

Жиһазшылар қауымдастығының өкілдері әлеуетті серіктес компанияларға уақыт жоғалтпауға, және де көрмені қаржыландыру жағынан шешілмеген мәселелер болуына қарамастан, мәмілелер жасасу тәсілдерін қазірден бастап қарастыруды ұсынды.

«Бүгінде жиһаз саласы, өңдеу өнеркәсібінің басқа да салалары сияқты орын алып жатқан дағдарыстық құбылыстармен байланысты үлкен қысым көріп жатыр. Сондықтан да EXPO көрмесіне қатысу – біз үшін мүмкіндік. Біздің мақсат – жиһаз саласын дамыту, және де біздің өз нарығымызда 30%-ға қарағанда көбірек үлеске ие болуымыз. Өз «асүйімізде» 30% орынды ғана алып отырғанымыз көңіл жұбантпайды. Қазіргі жағдайларда аман қалу үшін, мемлекеттік жобаларда жергілікті өндірушілер қатысқаны өте маңызды», - деді ҚР Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі қауымдастығының вице-президенті Ержан Садықов.

ҚР Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі қауымдастығының өкілі, «ТорнадоPlus» ЖШС директоры Игорь Проценко өз кезегінде Жиһазшылар қауымдастығының техникалық спецификациялауды дайындауға және жиһаз жасауда өз нұсқаларын ұсынуға қатысуы туралы ұсыныс енгізді».

Игорь Проценко «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының «ұзақ» арзан ақша ұсынатынын баса көрсетті.

«Сонымен бірге құрылыс компаниялары бойынша, мысалы, меморандумдарға қол қойып, шарт жасаса аламыз, және де солардың аясында осы «ұзақ» арзан ақшаларды қолдана отырып, біріншіден, құрылыс компаниялары үшін сату ақшасын белгілеп, екіншіден, өндірісімізді көлемдермен жүктеуімізге болады.  Жеке өз кәсіпорнымда, мысалы, 70 пайыздық құлдырау орын алып отыр, доллармен алған кредиттер бар. Ал мамандарды әзіре ұстап отырмын. Өңірлерде де осындай жағдай орын алған. Одан шығар жолдың бірі – бұл ертерек бастап, құрылыс аяқталатын сәтке қарай арзан өнімді бүгінгі бағалармен қоя аламыз, мен осыған үндеймін», - деп мәлімдеді Игорь Проценко.

Юлия Якупбаева баса көрсеткендей, Ұлттық палата елдің барлық өңірлеріндегі құрылыс жобаларындағы қазақстандық мазмұн туралы мәселені үнемі көтеріп отырады.

«Шарттасу орталығын құру туралы мәселені көтеріп жүргенімізге бірнеше айдың жүзі болды. Техспецификацияны бағалай алуымыз үшін, оған ел көлеміндегі барлық ірі келісімшарттар берілер еді. Бұл өндірушілердің нарық қажеттілігін шынайы бағалауына мүмкіндік береді, яғни қандай нақты номенклатурада, нені, қанша шығару керектігін біліп отырады. Және де, екіншісі: мердігерлеріміз бен тапсырыс берушілеріміз кіммен жұмыс жасау керектігін білу үшін, Өндірушілердің бірыңғай тізілімі қажет. Бұл олардың аталмыш сараланымда қазақстандық өндірушілердің бар-жоғын көруіне қажет. Осы бағытта жұмыс жасап жатырмыз», - деп түйіндеді ҰКП Басқарма төрағасының орынбарасы.

«Атамекен» басшысының орынбасары Үкіметке жиналыс қатысушыларының мынадай ұсыныстары жазылған хатты жолдауды ұсынды:

1) EXPO-2017 аясында жүзеге асырылатын тұрғын үй кешендері және 2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша жалгерлік баспана құрылысындағы жиһаз болуын анықтау;

2) нарық қатысушыларына EXPO-2017 нысандары бойынша техникалық спецификаттаулар туралы және жиһаздың болжамды бағасы туралы ақпаратты ұсынуды жылдамдату;

3) жиһаз компанияларының EXPO-2017 салынып жатқан нысандары үшін техникалық тапсырмаларды дайындауға қатысу мүмкіндігін ұсыну;

4) EXPO-2017 көрмесін ұйымдастыру және өткізу мақсатында отандық тауар өндірушілер өнімін қолданушы компаниялар үшін салықтық жеңілдіктерді қарастыру;

5) ҚР Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі қауымдастығы мен «Астана EXPO-2017» және «Бәйтерек девелопмент» компаниялары арасында меморандум жасасу мүмкіндігін қарастыру;

6) EXPO-2017 нысандары үшін жиһаз дайындауға тапсырыс орындай алатын жиһаз компанияларының пулын қалыптастыру.

Болашақта Палата, «Астана EXPO-2017» және «Бәйтерек девелопмент» компанияларына жіберу үшін, жасалған пул базасында шығарлатын өнім номенклатурасы мен каталогы, өндіріс қуаттылықтары және т.б. көрсетілген отандық жиһаз кәсіпорындарының Бірыңғай тізілімін айқындайды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер