Альберт Рау: «Рубльдің теңгеге шаққандағы 4,5:1 тепе-теңдігіне жақындадық»
ҚР инвестициялар және даму жөніндегі вице-министрі Альберт Рау құлдырап бара жатқан теңге бағамы рубльдің теңгеге шаққандағы 4,5:1 тепе-теңдігіне жеткізуді жылдамдатты, деп санайды. Альберт Рау сонымен бірге ең алдымен «теңге-рубль» жұбының бағамын бақылап жүргенін атап өтті, және де оның себебін түсіндірді.
«Мені доллар бағамына қарағанда, теңге мен рубль қатынасы көбірек алаңдатады. Менің ойымша, екі елдің ұлттық валюталары арасындағы мұндай қалыптан тыс теңгерім тепе-теңдікке келуі мүмкін, және де бизнес те осы жайлы сөз қылуда. Ең құрымаса бір рубль үшін 4,5 теңге деңгейінде. Сондай-ақ бізге бір рубль үшін 5-5,5 теңге қатынасы кезінде біршама жайлы болғанын атап өткім келеді», - деді вице-министр.
Альберт Рау пікірінше, Қазақстандағы «валюта иректері», әсіресе, кеше тіркелген бағам рубльдің теңгеге шаққандағы 4,5:1 тепе-теңдігіне жақындауды жылдамдатады.
«Бүгінгі серпінмен (кеше, 16 қыркүйекте тіркелген теңгенің күрт құлдырауымен) осыған жақын қалдық деп ойлаймын. Бұл тоқтауға әрі сәйкес есептеулер жүргізуге тұрарлық дәліз», - деді вице-министр.
Жанар Сердалина
Пікір қалдыру:
Пікірлер: