«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Гүлнар Құрбанбаева: «Салық новациялары шағын бизнеске ауыр тиеді»

2015 жылғы 17 Қыркүйек
11315 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Гүлнар Құрбанбаева 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Үкімет енгізетін салық нормалары ШОБ үшін ерекше сезіледі деп есептейді.  

«Күн сайын кәсіпкерлерден Парламент Мәжілісінің қарауында жатқан салықтық және кедендік әкімшілік ету мәселелері жөніндегі заң жобасын қабылдауға қатысты ондаған өтініштер аламыз. Бұрын айтылып өткендей, салық режимдерін оңтайландыру жөнінен ұстанымдарымыз өзгеріп жатыр. Бірақ онда қазір жалпыға ортақ декларациялау туралы заңды қарап жатқан депутаттар ыңғайсыз жағдайға қалады. Ол жағдайда бұл режимдердің ешқайсысы да күшін жоймайды. Алайда «100 нақты қадамда» 2017 жылдан бастап барлық арнайы салық режимдерінің күшін жоятынын көріп отырмыз. Онда анықтап алайық: бұл режимдерді сонда қалдырамыз ба әлде алып тастаймыз ба? Егер оларды алып тастайтын болсақ, онда, сәйкесінше, салықтық жүктемені көбейтеміз. Егер қалдырсақ, онда саудадағы ШОБ субъектілерінің ең көлемді армиясының патенттік жүйеден қандай себеппен шығатыны түсініксіз. Ал бұл шамамен 300 мың кәсіпкерлік субъектісі», - деп мәлімдеді Гүлнар Құрбанбаева.

ҰКП басшысының орынбасары 2016 және 2017 жылдары жүзеге асырылуға тиіс Үкіметтің салықтық бастамалары жайлы мәселені көтере келіп, олардың бизнеспен келісілместен қабылданып жатқанын баса көрсетті. Және де, оның айтуынша, бұл «шағын бизнес үшін үнемі ерекше маңызды болып табылатын нормалар». Бұл осы жылдың 1 шілдесінен бастап деректер беретін БКМ (бақылау-кассалық машиналарды) енгізу, алайда бұл норма жүзеге асырылып жатқан жоқ, себебі 68 мыңнан іс жүзінде 8 мың қажеттілік қана әрекет етеді.

«Оған кім жауап береді: техникалық қамсыздандыруға еш қатысы жоқ бизнес па, не болмаса мұны енгізуге тырысқан мемлекеттік орган ба? Және де егер келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап акцизделетін кәсіпорындар тізіміне тағы бірқатар кәсіпорындар кіретін болса, не істеуіміз керек? Бұл жұмысты кім және қалай қамтамасыз етпекші? Іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес нормаларды қабылдаудың қажеті қанша?», - деп жүгінді «Атамекен» басшысының орынбасары Экономика министрлігі өкілдеріне.

Оның айтуынша, POST- терминалдар мәселесі де осындай.

«Осы жылдың көктемінде Ұлттық палата Парламент Мәжілісі қаржы және бюджет комитетінің базасында жиналыс өткізіп, онда сонымен қатар POST- терминалдарды қолданудың міндетті нормаларын енгізуге техникалық тұрғыдан дайын еместігіміз жайлы қорытынды расталды. Тіпті бұл нормалар ауылдық жерде күшін жойса да, бірінші кезекте, облыс орталықтары аумағында әрекет ететін шағын дүкендер үшін», - деді Гүлнар Құрбанбаева.

ҰКП басшысының орынбасары өзектілігі жөнінен кем түспейтін тағы бір мәселе – жыл сайынғы лицензиялық алымды енгізу мәселесін қозғады.

«Салық базасын ұлғайтқымыз келді, олай болмай шықты. 7 мыңнан астам лицензия тапсырылды. Бұл дегеніміз, бюджеттің жыл сайынғы салықтарды ескергенде шамамен 3-4 млрд теңгеден айрылып қалғаны. Егер бұл біз талпынған нәтиже болса, оған қолымызды жеткіздік деп, құттықтап қояйын», - деп Гүлнар Құрбанбаева кекесінмен еске салып өтті.

Оның ойынша, енгізіліп қойған нормаларды қайта қарау қажет.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер