«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Медиация бизнеске келуде

2015 жылғы 15 Қыркүйек
- Жамбыл облысы
11643 просмотров

«Атамекен» ҰКП қызметіндегі бағыттардың бірі – екі бизнес субъектісі арасындағы қақтығыстағы делдалдық

Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы жанында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Арбитражда және аралық сотта талқылау орталығындағы медиация өкілдігі құрылады. 

Былтырғы жылдың соңында «Атамекен» ҚР ҰКП Арбитраж және аралық сотта талқылау орталығы құрылған болатын. Орталық сотқа дейінгі тәртіпте бизнесмендер дауларын шешуге арналған. Медиация процедурасы бұған қысқа мерзімде, және де кәсіпкердің тікелей қатысуынсыз – ұсынылатын құжаттар негізінде қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Бұл бастаманы Ұлттық палата осындай ұйымға шынымен де мұқтаж бизнесмендердің сұрауымен қолдады. Орталық тіршілік еткен қысқа мерзім ішінде талап етілетіндігін дәлелдеп шықты, себебі бизнесмендер арасында даулар үнемі туындап тұрады және қақтығыстарды әділ де бейтарап қарап, шешуге қабілетті «үшінші тарап» қажет болды.

Орталықта үлкен тәжірибеге ие кәсіпқой заңгерлер жұмыс жасайды. Олар бизнесмендердің арбитраждық келісімдер жасасуына, шағым мәнісін баяндауына және т.б. көмектеседі.

«Кәсіпкерлер палатасына бизнесмендерден көптеген өтініштер келіп жатады. Мұндай жағдайларда тараптардың бірінің ұстанымын қабылдай алмаймыз. Сондықтан да ҚР ҰКП Арбитраж және аралық сотта талқылау орталығына жүгінуге ұсыныс жасадық», - деді Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Қарлығаш Аралбекова.

Өңірлік Палата басшысының айтуынша, Жамбыл облысы дотациялық болып табылады, және де экономиканың негізгі саласы – агроөнеркәсіп кешені. Осындай өтініштер жіберетін тұлғалардың шамамен 80%-ы шағын бизнес пен шаруа қожалықтарының өкілдері болып табылады. Талқылау сомасы орташа алғанда 100 мың теңгені құрайды. Ал жүгіну кезіндегі тіркеу алымы – 60 мың теңге. 5 миллионға дейінгі талаптар бойынша арбитраждық алым – ол да 60 мың.

Сондықтан да шамалы сомалар төңірегіндегі даулы мәселелерді шешу үшін тараптардың облыс орталығынан жүздеген шақырым жердегі елордаға баруы, сонымен бірге жол жүру, тұру, тамақтану шығындарын шегуі экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Дауларды қашықтықтан қарауға келер болсақ, бұл көп уақытты алмайды.

«Атамекен» ҚР Ұлттық палатасында Арбитражда және аралық сотта талқылау орталығы бар. Оның құрамында өңірлік бөлімшілер бола алады. Сондықтан да «Атамекен» ҚР ҰКП Арбитражда және аралық сотта талқылау орталығының Бас хатшысына жүгіндік. Ол біздің идеямызды қолдады. Енді кәсіпкерлер Орталыққа да жүгіне алады, сонымен бірге сомасы шағын болып, сотқа жүгенбестен, бейбіт жолмен шешуді дұрыс деп тапса, медиаторлар көмегіне жүгіне алады. Мұның шағын бизнесті қолдауға жақсы әсерін тигізетініне сенімдімін, себебі мәселелердің көп бөлігі қосымша уақыт пен қаражат жұмсаусыз шешілетін болады», - деп есептейді Қарлығаш Аралбекова.

«БАҚ қызметкерлерінің қауымдастығы» ӨҚБ жанындағы «Білімгер» Медиация және құқық орталығының басшысы Лариса Сафонова мұны «Үлкен серпін» деп атады. Ал аталмыш процедураны дамытуға азаматтық құқықтағы кемшіліктер бөгет жасайды.

«Тіпті банктермен шарттарда да медиация жазылмаған. Нәтижесінде кәсіпкерлер келіссөздер үстеліне отырып, бәрін сотқа жеткізбестен, бейбіт жолмен шешу мүмкіндігінен айрылып отыр», - деп атады сарапшы. – «Бизнесмендер арасындағы дауларды шешуде медиацияны қолдануды бірінші боп енгізушіміз. Бүгінгі таңда Жамбыл облысы бойынша кәсіпқой медиаторлар тізілімінде 91 медиатор бар».

Медиаторлар мен Палата өкілдерінің жақында өткен кездесуінде Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы мен «БАҚ қызметкерлері қауымдастығы» ӨҚБ «Бітімгер» Медиация және құқық орталығы арасында Ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды. Аталмыш құжатқа сәйкес, Палата кәсіпкерлік субъектілері арасында даулы сәттер туындаған жағдайларда қақтығыстарды соттан тыс реттеу үшін Медиация орталығын ұсынатын болады.


Ұқсас жаңалықтар:

Медиация бизнесті құтқарады
25 Наурыз
2021
Ақтөбе облысы
Алматыда Медиация жүйесі дамуда
27 Маусым
2019
Алматы қаласы
Дау сотқа дейін шешілді
13 Қараша
2018
Батыс Қазақстан облысы
Медиация арқылы дауды реттеу мүмкін бе?
13 Маусым
2018
Солтүстік Қазақстан облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер