Элигиюс Сурвилла: «Кеше ең үзік салық төлеуші болдық, бүгін қылмыскерміз!»
Салық органдарының әрекеттері шетелдік ірі инвесторларды Қазақстаннан кетуге мәжбүрлеуде
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткен қоғамдық тыңдауларда литвалық бизнесмен, сусындар өндіретін «Либелла Боттлерс Алматы» зауытының иесі Элигиюс Сурвилла салықшылардың кәсіпорнына 4 млрд 600 млн теңгеге қуыным талабын қойып отырғанын мәлімдеді.
Компания Қазақстанда 1998 жылы пайда болды. Алкогольсіз сусындар өндірумен айналысады. Кәсіпорында 200 жұмыс орны бар. Ал бүгінде табысты инвесторға тап болған жағдай оның елден кетуімен ғана шешілетін сияқты.
«Алматыда 17 жыл бұрын алкогольсіз сусындар өндіретін зауыт - «Либелла Боттлерс Алматы» ЖШС салдым. Бүгінгі таңда бұл Қазақстандағы ірі алкогольсіз сусын өндірушілердің бірі. Осы жылдар бойында салық төлеп келдім. Еш дивиденд алмастан, бар қаражатты кәсіпорынға қайта инвестицияладым. Бизнес – бұл қашан да тәуекел. Ол да түсінікті. Бірақ бір ай бұрын салық органдары бір салықты есептемегеніміз үшін, 4 млрд 600 млн теңгеге қуыным ұсынды. Кәсіпорнымыз да, инвестицияларым да, жылдық айналымның да осынша тұрмайтынын айтуым керек. Бұл деген сандырақ! Сусын өндіруші бір де бір компания 2009 жылы қабылданған ол заң туралы білген жоқ. Қазір бізді салық департаментіне, прокуратураға шақырып жатыр. Бизнесті тоқтатып тастамақшы. 17 жыл бойы адал еңбек еткен соң, айтуға да ауыр екен. Кезінде компаниямыз ең үздік салық төлеуші ретінде марапат алған еді, ал бүгін қылмыскер болып отырмыз!», - деп мәлімдеді литвалық инвестор.
Элигиюс Сурвилланың айтуынша, ол жағдай жасалса, одан әрі жұмысын жалғастырмақшы. Пайдалы қазбаларды (жерасты суын) өндіруге салықты енгізу керектігімен келісе отырып, ол ең алдымен аталмыш шешімнің мақсатқа лайықтылығы жайлы ойланып алу керектігін атады.
«Бүгін елде салық мөлшерлемесін ұлғайтатындай жағдай орын алып отырған жоқ», - деп есептейді бизнесмен.
«2009 жылғы заң ешбір өндірушіге, соның ішінде ең ірі Coca Cola компаниясына да таныс болған жоқ. Алайда бүгін барлығымызға жаңа салықтар салғылары келеді, ал үстеп есептеулер миллиардтаған соманы құрайды. Нәтижесінде көптеген сусын, шырындар мен су өндіруші кәсіпорындар жабылуға тиіс болып шығады, себебі басқа жол қалмайды», - деді Элигиюс Сурвилла.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: