«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Үйде жейміз!

2015 жылғы 11 Қыркүйек
10075 просмотров

Қазақстанда Қырғызстан мен Ресейден келетін кейбір өнімдерді импорттауға және сатуға тайым салынды

Уақытша тыйым туралы шешім ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі комитетте қабылданды. Ведомствоның баспасөз қызметі оған техникалық реттемелердің санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық көрсеткіштерінің бірнеше мәрте бұзылғанын көрсететін зертханалық зерттеулер нәтижелері себеп болғанын атап отыр.

Сонымен, осы жылдың 8 қыркүйегінен бастап Қазақстанға:

- Ресей Федерациясы, Мәскеу обылысы, «Хохланд» ЖШҚ өндірген түрлі дәмдегі «Hochland» балқытылған сырын;

- Ресей Федерациясы, Мәскеу облысы, «Преображенский» МК ЖШҚ өндіретін түрлі дәмдегі жылтыратылған ақ ірімшікті;

- Ресей Федерациясы, Мәскеу облысы, «Кампина» ЖШҚ өндіретін йогуртты сусындарды;

- Қырғыз Республикасында өндірілетін Крестьянское кілегей майын;

- Ресей Федерациясы, Орлов облысы, «Верховский молочно-консервный завод» ЖАҚ өндіретін сүтті, қойылтылған «Сливочки сгущенные с сахаром Славянские» өнімін;

- Ресей Федерациясы Мәскеу қаласы, «Микоян ет комбинаты» ЖАҚ өндіретін сосиска өнімін;

- Ресей Федерациясы, Кемерово қаласы «КДВ Кемерово» ААҚ өндіретін «Яшкино» сауда таңбалы «Шоко-лайт» және «Голландские» вафляларын уақытша әкелуге тыйым салынды.

Бірқатар ресейлік өндірушілерге қатысты мұндай шектеулер бұрын да қолданылғанын еске саламыз, бұл тұтынушылық нарықты сауықтыруға сеп болған еді.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер