Еңбегіне қарай марапат!
Мемлекет басшысының Жарлығымен Конституцияның үстемдік құруына, Қазақстан Республикасындағы конституциялық негіздердің қалыптасуына және дамуына, азаматтардың консутитуциялық құқықтарын қорғауға үлес қосқан қазақстандықтар мерейтойлық медальдармен марапатталғаны белгілі. Марапатталғандар тізімінде ақтөбеліктердің де аталуы көңіл қуантады. Ақтөбелік ірі кәсіпкерлердің бірі Талғат Салфиков те осылардың қатарында.
Еңбегі сіңген марапат – Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы мерейтойлық медалі оған салтанатты жағдайда Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасында табысталды.
«Талғат Маратұлы «Анвар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін 1993 жылы құрған. Осы жылдар бойында оның кәсіпорны облыс экономикасына сүбелі үлес қосып келеді, 1200 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етуде және әлеуметтік жауапты бизнеске жарқын мысал болып табылады. Талғат Маратұлының баға жетпес үлесіне, оның Қазақстан игілігі үшін еткен ерен еңбегіне көптеген мемлекеттік марапаттары мен алғыс хаттары куә», - деп атады ӨКП директоры Нұрлыбек Мұқанов және салтанат иесіне медаль табыстады.
Компания тарихы 22 жыл бұрын М. Оспанов көшесі мен Әбілқайыр хан даңғылы қиылысындағы жалғыз сауда нүктесінен басталған еді. Ол жерден азық-түлік пен өнеркәсіптік тауарлар сатып алатынбыз.
Бүгінгі таңда «Анвар» - бұл Ақтөбе қаласындағы ірі көтерме-бөлшек сауда желісі. Астана, Атырау, Ақтау, Орал, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда қалаларында филиалдары бар. Негізгі бағыты – азық-түлік, арақ-шарап, шаруашылық тауарларын және құрылыс материалдарын сату, сондай-ақ ет, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді өз сауда таңбасымен өндіру.
Ұжымдағы жоғары кәсіпқой менеджмент пен табанды, шығармашыл еңбек арқасында компания көптеген марапаттарға ие болды.
2001 жылы ЖШС Женевада «Сапа алтын жұлдызы» халықаралық марапатын алды, 2003 жылы Нью-Йоркте – платина санатындағы Сапа жұлдызы. 2008 жылы Мәскеуде «Анвар» «Достастық жұлдызы» Орденімен және Кәсіпкерлікті ынталандырудың Қоғамдық кеңесі және Халықаралық «Ынтымақтастық» Орталығы белгілеген «Достастық жұлдызы» дипломымен марапатталды. Бірақ компания үшін Қазақстан экономикасының дамуына қосқан ерекше үлесі үшін берілген республика Президентінің «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты мен «Құрмет» ордені ең бағалысы болып табылады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: