«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мақсат – әйелдер кәсіпкерлігін дамыту

2015 жылғы 08 Қыркүйек
- Ақмола облысы
10039 просмотров

Ақмола облысында іскер әйелдердің көшпелі Кеңестері бастау алды

Ақмола облысында іскер әйелдердің көшпелі Кеңестері бастау алды. Іскер әйелдер кеңесі Өңірлік кәсіпкерлер палатасының жанында әрекет етеді. Іс-шараның басты мақсаты, ұйымдастырушылардың айтуынша, ісін бастаушы және әлеуетті кәсіпкер әйелдермен кездесулер, бизнес жүргізу тәжірибесімен алмасу.

Бұланды ауданындағы Макинск қаласында сұхбат алаңы Кәсіпкерлерді қолдау орталығы бизнес-мектебінің базасында өтті. Қатысушылар бизнес-идеялар, жеке істі жүзеге асыруды бастау, халықтың сұраныс нарығын зерттеу, «Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» және басқа да бағдарламалар бойынша жобаларды кредиттеуге қатысты көптеген сауалдар қызықтырды.

Танзалия Ғабзалилова он жылдан астам уақыт бойы киімді бөлшек сатумен айналысқанын сөз етті. Ол сосын бөлмені жалға алып, шаштараз ашқан. Кәсіпкер бизнесін одан әрі дамыту үшін ғимаратты сатып алуға бел буады, шаштараздан өзге қосымша қызметтер ұйымдастыруды жоспарлауда. Оған ғимарат ауданы жеткілікті. Алайда құжаттарды жинап шығып, Көкшетау қаласындағы он шақты екінші деңгейлі банктердің барлығын дерлік аралап шыққан бизнесвуменнің құжаттары кепілзаттың жеткіліксіздігінен қабылданбайды.

Кеңес төрағасы  Әмина Әділбекова, шынымен де, қарызгерлердің кепілдемелік мүлкіне ерекше талап қойлатынын ескертіп өтті. Бірақ бір орында отыра бермей, түйткілді шешудің басқа да жолдарын іздеу қажет. Мысалы, Өңірлік кәсіпкерлер палатасының филиалына жүгіну қажет. Мұнда тегін консултациялар ғана алып қоймай, жобаға сүйемелдеу жасалады.

Кездесудің келесі бір қатысушысы Мәриям Рахимова үстіміздегі жылдың маусым айында Кәсіпкерлерді қолдау орталығы базасында «Бизнес-кеңесші-1» жобасы бойынша оқудан өткенін, бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қатысты консультация алғанын ортаға салды. Бүгінгі күні оның жобасы – сұлулық салоны «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының аясында қаржыландырылған. Қазірде Кәсіпкерлер палатасында Көкшетау қаласындағы сұлулық салондарының бірімен келісу бар. Онда ісін бастаушы бизнесвумен шаштараз өнеріне оқу курсынан өте алады.

Кездесу әсерлі өтті. Оның барысында кәсіпкер әйелдердің өзекті мәселелері көтеріліп, талқыланды. Көпшілігі сол жерде шешімін тапты. Оның үстіне кездесуге мемлекеттік органдар өкілдері де тартылған еді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер