«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Құбырды шатастырып алыпты...

2015 жылғы 08 Қыркүйек
- Қостанай облысы
12016 просмотров

Қостанайлық бизнесвумен жер телімін сауда павильонына беруден бас тарту туралы шенеуніктер шешімінің күші жойылуына қол жеткізді. Өңірдегі Кәсіпкерлер палатасы сотта оның мүддесін қорғап шығуға көмектесті.

Татьяна Лазарук қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінде сауда нүктесіне жер телімін беруге бас тартылғаннан кейін сарапшылардан көмек сұрап жүгінді. Шенеуніктер бас тартуды жартылай фабрикаттар сататын сауда павильоны орналасатын жер астында су құбыры өтетінін дәйек етті және ол жерде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға болмайды дейді.

Телімнің топографиялық түсірілімдерінде инженерлік коммуникациялардың енді ғана «анықталып», тыйым ретінде қолданылып отырғанын айта кету керек. Бұл алдыңғы жылдары жұмысқа еш бөгет болмаған еді. Оның үстіне, «Қостанай-Су» коммуналдық кәсіпорны су құбырымен төтенше жағдай орын алып жатса, өз бетінше ауысып кету шартымен павильонның орналасуына келісімін беріп келген.

Бірақ ең бір қызығы сотта анықталды дейді Кәсіпкерлер палатасы. 2012 жылы көше қайта құрылып, әрекеттегі коммуникациялар 11 метрге көшірілген. Сауда нүктесінің астында ескі құбырлар ғана қалған. Осылайша, павильон су құбырының күзету аймағынан тыс қалып отыр және жерді жалға беру ешкімнің де құқығы мен мүддесін бұзбайтын болып шықты.

«Негізінде процедура жеңілдетілуіге тиіс болатын, себебі жерді жалға алуды коммуналдық кәсіпорынмен келісу негіздемесі қажет болмай қалды. Бірақ бұл іс жүзінде кері әсерін беріп отыр. Сонымен бірге, кәсіпкер мен коммуналшылардың тікелей павильон астында жатқан құбырлардың әрекетсіздігі жайлы дәлелдерін сәулет бөлімі назарға алмады. Егер шенеуніктердің ол жерде коммуникация болуы немесе болмауы жөнінде күмәні бар болатын болса — олар сол жерге барып, мәселені қаладағы инженерлік қызметпен шешуге тиіс еді. Бірақ олай жасалмады», - дейді Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Марат Әбішев.

Ақырында, мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот Қостанай әкімдігі Сәулет және қала құрылысы бөлімінің сауда павильонын орналастырудан бас тартуын заңсыз деп тапты. Бұл мән-жай мемлекеттік органның өтінішті тиісті түрде қарамағанынан хабар береді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер