«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Сатып аулар – отандық тауар өндірушілердің бас ауруы

2015 жылғы 07 Қыркүйек
10837 просмотров

Отандық өндірушілер «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ сатып алуларын өткізу шарттарын қайта қарауды сұрайды

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында аймақтық форматта өңірлердің қатысуымен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ сатып алуларымен байланысты барлық мәселелерді талқылауға екі сағат жеткіліксіз болып шықты. Теңге бағамының еркін белгіленуін енгізуге байланысты түйткіл өткір сипат алуда, сондықтан да бизнес-қоңамдастық өкілдерінің де сауалдары жиналып қалыпты.

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов атап өткендей, ҰКП-да «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ еншілес және тәуелді компанияларының сатып алуларына қатысқан кәсіпкерлердің өтініштері ҰКП-ға жиі келеді. Онда әлеуетті жеткізушілер сатып алулар процедураларының ашық болмайтынына, сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың болып тұратынына шағымданады.

«Өңірлерге сапарлар, экономиканың түрлі салаларында жұмыс жасаушы кәсіпкерлермен кездесулер бұл түйткілдің, өкінішке орай, әлі де орын алып тұратынын байқатады. Осыған байланысты, сатып алулар саласындағы ахуалды тез арада, ұғымды түрде ретке келтіріп, қандай өзгертулер енгізу керектігін анықтау үшін, кездесулер циклін ашамыз. Әрине, «жоғарыдан» бұл бағытта белгілі бір шаралар жасалып жатыр деген сөздер естіледі. Бірақ отандық бизнес қазіргі ахуалына қанағаттанады деп айтуға бомлайды», -  деп атады ҰКП Басқарма Төрағасы. – «Егер қазақстандық мазмұнды арттыру бойынша оңтайлы жол таба алатын болсақ, онда кәсіпкерлік барлығымызға осындай қолдау үшін алғыс айтады деп ойлаймын».

Абылай Мырзахметов сатып алулар мәселесіндегі бірнеше негізгі жүйелік түйткілді атады.  

«Біріншісі – бұл құжаттаманы, спецификацияны белгілі бір сатып алушыға сай әзірлеу, бұл барлық салалардан кездеседі.  Екіншісі – бұл өтінімді негізсіз түрде қайтару. Бұзулар өте көп. Сонымен қатар шағым жасау, сатып алулар процесінде мониторинг жүргізу механизмі де тиімсіз», - деп атады Ұлттық палата басшысы. Бұл «Самұрық-Қазына Контракт» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тендердің күшін жойып, бюджет әкімшілерін ережемен жұмыс жасауға мәжбүрлеу үшін, шынайы механизмдері мен тетіктерінің жоқтығын білдіреді.

Қарар ретінде: уәкілетті орган тарапынан бақылауды күшейту мәселесін қарау; әкімшілік жауапкершілікті тапсырыс берушілерге және тендерлік комиссиялар мүшелеріне тарату (мемлекеттік сатып алулардағыдай); тендерлік комиссиялардағы ҰКП бақылаушыларының уәкілеттігін күшейту; олардың отырыстарының фото- және бейне түсірілімдерін қарастыру, Палата мен ҰКП бақылаушыларының уәкілеттігін реттемелей отырып, тендер нәтижелеріне шағыну процедураларын күшейту. 

Абылай Мырзахметовтың ойынша, тағы бір маңызды мәселе өндірушілердің жұмыс процесін кейін біршама анық жоспарлауына мүмкіндік беретін ұзақ мерзімдік келісімшарттар жасау болып табылады.

«Қазір теңге бағамымен арада орын алып отырған жайт, ол да, әрине, алаңдаушылық тудырады. Мұндай жағдайда тіпті қалай жұмыс жасауға боатынын түсінудің өзі қиын. Құрылысшылар индекстеуге қатысты орынды мәселе көтеріп отыр, себебі барлығында да импорттық құрамдастар бар, және де осы тұстарды да ескеру қажет», - деді «Атамекен» ҰКП басшысы.

Қазірде әлеуетті жеткізушілер тауарлар, жұмыстар және қызметтер калькуляциясын егжей-тегжейлі есептей алмай отыр, себебі құрамдастардың көпшілігі үшін есеп айырысу шетелдік валютамен жүргізіледі. Сәйкесінше, жеткізушілер маржаны көрмей отырғанымен қоймай, компанияны шығынға ұшырата отырып, ұзақ мерзімдік шарттарды орындай алмай жүр. Сонымен бірге, мұндай шарттарды жасасу кезінде маржа отандық тауар өндірушілерді дамытуды қолдау шарасы ретінде енгізілген.

ҰКП осыған орай Палатаны тарта отырып әрекеттегі және жоспарланған ұзақ мерзімдік шарттар бюджеттерін қайта қарау үшін комиссия құруды ұсынады.

Келесі бір толғақты тақырып - CT KZ сертификаттары. Осы жылдың маусым айынан бері Ұлттық палатаға бұрын сертификат алған кәсіпорындарда ішкі аудит жүргізу уәкілеттігі берілді.

Абылай Мырзахметовтың айтуынша, осы тексерістер нәтижесінде бұрмалау жолымен алынған 15 кәсіпорынның сертификаты қайтарылып алынды. Шын мәнісінде, аталмыш кәсіпорындар шығаратын өнімдерде қазақстандық мазмұн болмаған, бұл нарықтың басқа қатысушылары – адал ниетті кәсіпкерлерге қатысты әділетсіз болып табылады. Осыған байланысты бүгінде Отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімін құру қажеттілігі пісіп-жетілді, ал бұл кәсіпкерлер үшін қорғаныш механизмі қызметін атқарады.  

«ҰКП Отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімін құру жұмысын бастады. Оны қалыптастыру кезінде өндірістік қуаттылық, шикізат базасының болуы, өндірілетін өнімнің техникалық сипаттамасы, өнім бағасы, оларды сыртқы және ішкі нарыққа өткізу көлемі, инвестициялық салымдар көлемі, еңбек ресурстарының саны ескеріледі. Осыған орай Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Самұрық-Қазына» қорының атына отандық тауар өндірушілер тізбесін Қордың еншілес және тәуелді ұйымдарының талаптарына сәйкес ұсынуы жолымен техникалық спецификацияны дайындау кезеңінде мемлекеттік сыңайлы сатып алуларға ОТӨ Бірыңғай тізілімін қолдану механизмін енгізуді маңызды деп есептейміз», - деп хабарлады Абылай Мырзахметов.

Бизнесмендермен бірге «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, сонымен қатар «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ өкілдері шақырылған іс-шара интерактивті формада өтті: кәсіпкерлер толғақты сұрақтарын тікелей қойып, оларға сол жерде жауап ала алды.

Мысалы, «Қазэнергокабель» АҚ бас директорыы Олег Крук алдын-ала сыныпталуды енгізу мәселесін көтерді, бұл, оның ойынша, нарыққа жалған кәсіпкерлердің кіруін кемітуге көмектеседі. Бұл ұсынысты «Самұрық-Қазына» қорының өкілдері құптады. Сатып алулар жөніндегі бас директор Жұмағали Мыңжасаров хабарлағандай, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерлі сатып алудың жаңа Ережелерінде алдын-ала сыныптау процесі көзделген.

Бизнесмен сондай-ақ сатып алулар кезіндегі алдын-ала төлем мәселесін қозғады. Оның ойынша, кәсіпкерлер үшін берілетін 30 % алдын-ала төлем – қазіргі экономикалық жағдайда өте аз.

«Мемлекеттік қолдау құралдары аз, «ұзақ» кредиттер жоқ, болса да, үлкен мөлшерлемемен», - деді кәсіпкер. Оның ойынша, алдын-ала төлем 70%-ға жетуге тиіс. Өкінішке орай… Жұмағали Мыңжасаровтың айтуынша, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ қазіргі қаржылық ахуалы шарттар бойынша алдын-ала төлем мөлшерін ұлғайтуға мүмкіндік бермейді.

Олег Крук сонымен қатар «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ қолданатын тауарлар, жұмыстар және қызметтер бірыңғай анықтамалығына мемлекеттік емес (салалық) стандарттарды енгізу туралы ұсыныс жасады. Қор өкілдері мәлімдегендей, олар мұндай стандарттарды енгізуге дайын, тек Үкімет шешімі мен стандарттарын негізге алуға болатын қауымдастықтар тізбесі ғана қажет.  

Кәсіпкерлер ұзақ мерзімдік шарттар жасаса алмайтындықтарына да шағымданды. ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева бұған қатысты аталмыш мәселені ай сайын Премьер-Министрдің Бірінші Орынбасары Бақытжан Сағынтаевпен бірге қарайтын жұмыс тобы құрылғанын хабарлады. Жұмыс тобының соңғы отырысында барлық ұлттық компанияларға жыл соңына дейін ұзақ мерзімдік сатып алулар жоспарын ұсынуға, және де қандай компаниялармен ұзақ мерзімдік шарттар жасалғаны және қандай сомаға жасалғаны жайлы есеп беруге тапсырма берілді.

Бизнес өкілдері сондай-ақ Сатып алулар ережесіне еншілес кәсіпорындар басшыларының жауапкершілігі жайлы норманы енгізуді, әлеуетті жеткізушілер базасын құруды ұсынып, тауарлар бағасына демпингтер түйткіліне шағым жасады.    

Кәсіпкерлерді толғандырып жүрген тағы бір түйткіл бұл олардың «Астана ЭКСПО-2017» АҚ сатып алуларына қатысуы. Аталып өткендей, тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алу отандық тауар өндірушілер арасында өткізілмейді. Сонымен бірге кәсіпкерлер компанияның жылдық та, орташа мерзімдің келешектегі де сатып алулар жоспарын көрмей отыр.

ҰКП хабарлағандай, «Астана ЭКСПО-2017» АҚ өкілдері әрбір жиналыста сатып алулар жөніндегі жоспарларды ұсынуға міндеттенгенмен, осы күнге дейін Ұлттық палатаға ешқандай құжат жолдамаған (дегенмен уәде осы жылдың наурыз айында берілген еді).

«Атамекен» тұрақты негізде «Астана ЭКСПО-2017» АҚ-ға отандық тауар өндірушілер тізілімін жолдап отырады және отандық құрылыс материалдары тауарын өндірушілер Тізілімінен тауарларды қолдану жөніндегі есептер ҰКП-ға келіп тұрады. Қазір Ұлттық палата тауар өндірушілердің Бірыңғай тізілімін дайындауда және аталмыш құжатты мемлекеттік сатып алуларда да, мемлекеттік сыңайлы сектор сатып алуларында да пайдалану мәселесі пысықталып жатыр.

«Астана ЭКСПО-2017» АҚ өкілі Анна Боева компанияның ҰКП-мен тығыз ынтымақтастық жүргізетінін мәлімдеді. Оның айтуынша, Ұлттық палата арқылы отандық тауар өндірушілердің баға ұсыныстарына сұрау жасалады, және де өңірлерде кездесулер өткізіліп тұрады.

«ҰКП осыған байланысты отандық тауар өндірушілердің «Астана ЭКСПО-2017» АҚ сатып алуларына барынша тартылуына бағытталған бірлескен жұмыс тобын құру мәселесін пысықтауды ұсынады. ҰКП өз тарапынан «Астана ЭКСПО-2017» АҚ-мен кері байланыс болған жағдайда отандық тауар өндірушілер жөніндегі барлық қажет ақпаратты ұсынуға дайын. Атап айтқанда, сатып алулар өткізілген тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді көрсетумен ағымдағы және орта мерзімдік кезеңдегі сатылып алынатын тауарлар, жұмыстар және қызметтер тізбесін ұсынуға дайын», - деп түйіндеді ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов. Ол сондай-ақ қазіргі кезеңде ортақ ойын ережелері жайлы келісіп алудың мақсатқа лайық екенін айтып өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер