«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Жабық» еңбек ресурстары

2015 жылғы 02 Қыркүйек
- Астана қаласы
11261 просмотров

Елордалық Кәсіпкерлер палатасы түрмелердегі тұрып қалған өндірістерді жүктеу жұмысын жүргізуде

Елордалық кәсіпкерлер палатасының жәрдемімен 100-ден астам тұтқын жұмысқа тұрды. Мұндай нәтижелерге Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мекемелерімен екі жақты ынтымақтастық аясында қол жеткізілді.

Жоспарлы жұмыс барысында қылмыстық-түзету мекемелері аумағында өндірістік қызметті іске асырып жүрген бірқатар компаниялар кәсіпорындарын тұтқында отырған жандармен толықтырды. Ал қамауда отырғандар жаңа кәсіптерді игеріп, табыс табу мүмкіндігіне ие болды.

Темір тордың әр жағындағы еңбек күнінің еркіндіктегі жұмыстан еш айырмасы жоқ. Аталмыш орындарда бетон блоктар, металл-пластикалық бұйымдар, газды блоктар мен көбікті блоктар өндірісі жөнге салынған. Бірқатар тұтқындар тігін цехына орналастырылды.

Бүгінгі таңда «Еңбек-Ақмола» РМК филиалы аумағында бетон және бетонды блоктар, металл-пластикалық бұйымдар өндірумен, тігін өндірісімен, газды блоктар мен көбікті блоктар өндірумен айналыстаны ұйымдар шаруашылықтарын дөңгелетуде. Ресми деректерге сүйенсек, аталмыш кәсіпорындарда 113 тұтқын жұмыс жасайды.

Осы кәсіпорындарға өндірістік алаңын ұсынып отырған «Еңбек-Ақмола» РМК елордалық филиалы  Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаменті ЕЦ-166/10 мекемесінің базасында қызмет жасайды. Елордалық Кәсіпкерлер палатасы өндірістік қуаттылықтарды жүктеу мақсатында биылғы жылдың басынан бері елордалық бизнесмендердің көшпелі сапарларын ұйымдастыруда. Олар «Еңбек-Ақмола» РМК филиалының бос жатқан алаңдары мен іске тартылмаған цехтарын жеңілдікті шарттармен жалға алу ұсыныстарын қарауда.

Жыл басынан бері «Еңбек - Ақмола» филиалына осында цехтарын ашуды жоспарлап жүрген 50-ден астам кәсіпкер келіп-кетіпті. Және де, үстіміздегі жылдың қаңтар айында өнеркәсіптік аймақ аумағында үш мың шаршы метр бос жатса, қазірде өндірістік қуаттылықтардың осы мөлшерінің жартысы ғана бос.

Мұндай мәмілені пайдалы деп есептейтін кәсіпкерлердің бірі «Прима-Пласт» ЖШС басшысы Жандос Смайылов. «Прима-пласт» ЖШС негізгі қызметі – металл конструкциялар мен халық тұтынатын тауарларды өндіру. Кәсіпорын өнімі осы күнге дейін сұранысқа ие болып келген. Алайда бүгінде үй-жайды жалдауға шығынның көп кетуіне және кадрлардың тұрақтамайтыны себебінен кәсіпкер өндірісін қысқартуға мәжбүр болған. Қазіргі экономикалық ақиқат жағдайында кәсіпкер жұмысқа жоғары еңбекақы алатын қызметкерлерді ала алмайды, ал лайықты төлемге жұмыс жасауға келісетін тұтқындар оның көңілінен шығады.

Елордалық Кәсіпкерлер палатасының жәрдемімен кәсіпорын иесі «Еңбек-Ақмола» филиалымен 500 шаршы метрді құрайтын жалпы ауданда металл конструкция өндірісін орналастыруға ынтымақтастық туралы шарт жасасты. Қазірде кәсіпорын жабдықтарын монтаждауға кірісіп те кетті.

Палата «Еңбек-Ақмола» РМК филиалы аумағында саморездер және дәнекерленетін металл арматура торлар өндірісін ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуде. Компания иелері аталмыш ұсыныстың пайда берер жақтарын ойластыруда…


Еншілес ұйымдар

Серіктестер