«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстанның үздік тауары: Елорда үздік бизнесмендерге құрмет көрсетті

2015 жылғы 01 Қыркүйек
9481 просмотров

Астанада елорданың 60-қа жуық кәсіпорнының басын қосқан «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы өтті

Биыл көлемді іс-шараны елордалық Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырды. Елордалық бизнестің кемеңгерлерімен бірге байқауға әйелдер кәсіпкерлігінің өкілдері де, сонымен қатар старт-ап жобалар бастамашылары да белсене қатысты.

«Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы биыл оныншы рет өткізіліп отыр. Ол алдыңғы өткен байқаулардан іс-шара қатысушыларының алдын-ала оқу семинарларынан өту мүмкіндігіне ие болуымен ерекшеленді. Аталмыш семинарлар барысында кәсіпкерлерге қызметке өзіндік баға беру бойынша консультациялық-әдістемелік көмек көрсетіліп, Еуропалық Сапа Менеджменті Қорының (EFQM) үлгісі туралы түсіндірулер берілді. Оқытуды кәсіпқой менеджмент жүйесінің сарапшы-аудиторлары жүргізді.

Биыл сараптау комиссия құрамына алғаш рет қаладағы ең беделді кәсіпкерлер кірді. Сараптау тобы байқауға қатысушылар қызметімен танысу мақсатында барлық кәсіпорындардың өндірістік алаңдарында болып қайтты.

Сенбі күні «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» жеңіпаздары аталды. Бірінші орынды Қазақстандағы жалғыз тігін машиналарын өндіруші «Astana Ютария ltd» Өндірістік инновациялық компаниясы» ЖШС жеңіп алды. Компания сонымен қатар үй, қонақүй, мейрамханаға арналған тоқыма бұйымдарын өндіруге маманданған. Басшысы – өңірге танымал бизнесвумен Сәуле Шәуенова. Кәсіпорын 300 жұмыс орнын жасақтаған. Қарағанды және Алматы облыстарында филиалдары бар.  

«Ютария» өнімдеріндегі жергілікті мазмұн үлесі 80% құрайды. Кәсіпорын Қорғаныс министрлігі қызметкерлері мен бірқатар өндірістік кәсіпорындар қызметкерлеріне арнайы киім тіге отырып, ішкі нарықты қамтамасыз етіп отыр. «Ютария» өнімдерін тұтынушылар арасында «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС, «Локомотив» АҚ, «Қазтеміртранс» АҚ және «Қазақстан Темір жолы» АҚ сияқты еліміздің ірі кромпаниялары да бар. Жақын арада кәсіпорын өнімін Ресейге экспорттауды жөнге салуды жоспарлап отыр.

Комиссия екінші орынды жол белгілерін, қауіпсіздік белгілері мен металл конструкцияларды дайындауға маманданған «Теңіз+» Компаниясы» ЖШС-ға берді. Басшысы – Владимир Милюшин. Қызметкерлер саны – 50 адам. Өнімнің жергілікті мазмұн үлесі 80% құрайды. Кәсіпорын ішкі нарықты қамтамасыз етеді; компания өнімі республикалық және қалалық маңызға ие автожол магистральдерінде кеңінен қолданылады. Компания өнімін Тәжікстанға экспорттауды жөнге салған.

Үшінші орынға табиғи тастан бұйымдар жасайтын «Stone House» ЖШС лайық болды. Басшысы – Қымбат Арсылан. Қызметкерлер саны – 50 адам. Өнімдегі жергілікті мазмұн үлесі  87%-ға жетеді. Компания ішкі нарықты қамтамасыз етеді, сонымен қатар өнімін Ресейге экспорттайды. Кәсіпорын есебінде «Бәйтерек» монументі, «Интернационалист жауынгерлерге арналған мемориал», «Отан қорғаушылар» монументі сияқты елордалық нысандар мен қаланың ірі тұрғын үй кешендері бар.

«Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясында қазылар алқасы бірінші орынды «Алтын Орда» Авторлық дизайн үйі» ЖШС-ға берді. Кәсіпорын ұлттық нақыштағы өнімдерді және этностильде интерьерге арналған жұмсақ жиһаз жасайды. Басшысы – белгілі қазақстандық этно-дизайнер Ырза Тұрсынзада. Қызметкерлер саны – 35 адам. Компанияның кәдесыйлық өнімдері БАӘ, Швейцария, Германия, Италия, Франция, Түркия, Ресейге, ТМД елдеріне экспортталады. Өнімдегі жергілікті мазмұн үлесі 73%-ға жетеді.

Бұл номинациядағы екінші орынға Қазақ саңыраулар қоғамының елордалық Оқу-өндірістік кәсіпорындары лайық деп танылды. Республикаға кеңінен танымал кәсіпорын тігін, ағаш шеберлігі, темір ұсталығы, полиграфиялық өнімдердің кең сұрыпталымымен, металдан жасалған өнімдермен, сонымен қатар қазақы киіз үй мен спорттық мүліктерді өндірумен айналысады. Басшысы – Нұрлан Төкенов. Қызметкерлер саны – 86 адам. Жергілікті өнім мазмұны, жекелеген өнім түрлері бойынша 100%-ға жетеді. Кәсіпорын дуалды білім беру жүйесі және халықтың жұмысбастылығы бағдарламаларының қатысушысы болып табылады, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі адамдардың кәсіптік даярлығымен шұғылданады.

Қазылар алқасы номинациядағы үшінші орынды корпустық жиһаз шығаратын «ДД21» ЖШС-ға табыстады. Басшысы – Қанат Ибраев. Қызметкерлер саны 16 адамнан тұрады.  Шығарылатын өнімдегі жергілікті мазмұн үлесі 59% құрайды. Кәсіпорын негізінде ішкі нарықты қамтамасыз етеді. «БЖК-2020» бағдарламасының қатысушысы. Италиялық ірі компаниямен бірге жиһаз өндірісінің бірлескен жобасын іске қосуды жоспарлап жүр.

«Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясында бірінші орынды сапасы жөнінен италиялық өнімдерден кем қалмайтын макарон өнімдерін өндірумен айналысатын «Цесна-Мак» ЖШС алды. Басшысы - Меделбек Ағыбаев. Қызметкерлер саны – 177 адам. Өнімдегі жергілікті мазмұн үлесі 96% құрайды. Кәсіпорын ішкі нарықты қамтамасыз етеді, сондай-ақ өнімін ТМД мен Еуропа елдеріне экспорттайды.

Байқау комиссиясының мүшелері екінші орынды бір ауыздан «Апрель 2030» ЖШС-ға берді. Осы брендпен шығарылатын шұжықтар, аспаздық өнімдер мен қатырылған жартылай фабрикаттар Астанада ғана емес, күллі Қазақстанда кеңінен танымал. Кәсіпорын басшысы -  Ермек Абышев. Қызметкерлер саны бүгінде 150 адамды құрайды. Компания өніміндегі жергілікті мазмұн үлесі 96% құрайды. Кәсіпорын Қазақстанның өңірлерін қамтамасыз етеді, және де өнімін Ресейге экспорттайды.

Осы номинациядағы үшінші орынды қазылар алқасы бір ауыздан «Хрустальная» сауда таңбасымен балаларға арналған газдалмаған ауыз су шығаратын «Golden Rill trade» ЖШС-ға берді. Компания басшысы - Дастан Дәулеталин. Қызметкерлер саны – 250 адам. Өнімдегі жергілікті мазмұн үлесі 96% құрайды. Кәсіпорын Қазақстанның өңірлерін қамтамасыз етеді.

Өңірлік «Қазақстанның үздік тауары» байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Финалға өтпегендерді қоса алғанда байқаудың барлық қатысушылары Палата басшысының алғыс хаттарына ие болды.

Жеңімпаз кәсіпорындар болашақта осы жылдың аяғында өтетін республикалық «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауына қатысатын болады.

«Қазақстанның үздік тауары» байқауы – елордалық тауар өндірушілер арасында бәсекеге қабілеттіліктің дамуына жаңа серпін берді. Биылғы жылы кәсіпорындардың едәуір өскенін әрі олардың байқауға деген қызығушылығының артқанын байқап отырмыз. Қатысушылардың жалпы санынан 25% былтырғы жыл номинанттарынан тұрады, бірақ 75% - бұл жаңадан құрылған кәсіпорындар. Байқаудың басты ерекшелігі онша таныла қоймаған компанияларды анықтау болды. Аталмыш компаниялар да байқауға қатысудың беделін жеке тәжірибеде байқап отыр. Байқау жеңімпаздары мен лауреаттарын алда дамудың жаңа көкжиектері күтіп тұр, себебі республикада үздік деп танылу оларға әлемдік компаниялар деңгейіне дейін өсуге мүмкіндік береді», - деп атады Астана Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғани Тасмағанбетов. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер