«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Минералды су мен шырынға салық салынбақшы

2015 жылғы 28 Тамыз
12137 просмотров

Алкогольсіз сусындар, шырындар мен минералды суларды өндірушілер банкротқа ұшырауы мүмкін.

Олар бұл туралы «Атамекен» ҚР Ұлттық палатасынан көмек сұрай отырып, мәлімдеді.   

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік табыс комитеті 1 қыркүйектен бастап заңға тәуелді акт қабылдамақшы. Оған сәйкес ауыз су мен алкогольсіз сусындар өндіруге және өткізуге жерасты суларын өндірумен айналысатын алкогольсіз сусындар мен шырын өндірушілер пайдалы қазба өндіруге салынатын салықты (ПҚӨС) төлеуге тиіс.

ҚР Алкогольсіз сусын және шырын өндірушілер қауымдастығының атқарушы директоры Әлия Мамытбаева атап өткендей, бүгінде алкогольсіз сусын өндірушілер салық органдары тарапынан аса зор қысымға ұшырап отыр.

«2014 жылдан бері сала кәсіпорындарына салық органдары тарапынан бірізді әрі тұрақты қысым байқалуда. Олар ПҚӨС (пайдалы қазбалар өндіруге салық) қайта есептеу талаптарымен хабарламалар жіберген. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының барлық жер қойнауын пайдаланушылары пайдаланып келген әрі келісімшарттар жасау кезінде құзырлы органдар, сонымен бірге өндірушілерге салық тексерістерін жүргізу барысында салық органдары мақұлдаған өндірілген жерасты суы үшін ПҚӨС есептеу және төлеудің көп жылдық тәртібі ескерілмеген.

«Соңғы кезге дейін ПҚӨС еліміздің заңнамасына сәйкес 20%-ға ұлғайтылған өндіру мен алғашқы қайта өңдеудің іс жүзіндегі өндірістік өзіндік құнына қарай есептеліп келген», - деп түсіндірді қауымдастық өкілі.

Алайда, Әлия Мамытбаеваның айтуынша, салық органдары қазірде салықты, Парламенттің шешімін күтпестен, дайын өнім – бөтелкеге құйылған ауыз суды өткізудегі орташа есептелген бағаға қарай қайта есептеуді алға тартуда.

Өндірушілер болса фискалдық органдардың алға тартқан талаптарын негізсіз деп есептейді.

«Өткізудің орташа есептелген бағасы жерасты суларын өткізу кезінде қолданылады. Бірақ біздің компаниялар жерасты суын емес, алкогольсіз сусын және бөтелкедегі ауыз су түріндегі дайын тауар өнімін сатады. Дайын тауар өнімін өткізу бағасына пайдалы қазбаларды (жерасты суы) өндірумен байланысты шығындар ғана емес, дайын тауар өнімін өндіруге кеткен шығындар, маркетинг және өткізумен байланысты басқа да шығындар, жер қойнауынан алынған пайдалы қазбаның құрамдас бөлігі болып табылмайтын, сәйкесінше ПҚӨС салу нысаны бола алмайтын әкімшілік шығындар кіреді. Осылайша, салық органдары салық салудың белгілілік қағидатын бұзып отыр», - дейді кәсіпкерлер.

Олардың айтуынша, қазынагерлер «су» терминін сөзбе-сөз түсінуде және пайдалы қазба (жерасты суы) мен тамақ өніміне жататын соңғы азық-түлік (бөтелкедегі су) арасын ажыратпайды.

Салықшылардың мұндай әрекетіне Салық департаменті мен «Асем-ай» компаниясы арасындағы дайын өнім – бөтелкедегі ауыз суды өткізудің орташа есептелген бағасына қарай салықты қайта есептеуге қатысты сот процесі себеп болған, ал сот, өкінішке орай, қазынагерлер пайдасына аяқталды.

«Салық органдары өздерінің ұстанымына дәлел ретінде Ресей ғылым академиясы сарапшысының қорытындысын ұсынған. Бұл жағдайдағы заңды сауал: Қазақстанның салық органдары негіздеме ретінде неліктен қазақстарндық құзырлы органдардың емес, РҒА қорытындысын қолданады?», - дейді алкогольсіз сусын және шырын өндірушілер қауымдастығының басшысы.

Оның сөзінше, кәсіпкерлерден ПҚӨС (пайдалы қазбаларды өндіруге салық) қайта есептелуін талап етіп отырған салық органдарының әрекеті саладағы көптеген кәсіпорындардың банкроттығына алып келуі мүмкін, сондықтан да Қазақстандағы алкогольсіз саланың бұдан кейінгі тағдыры үлкен сұрақ тудырып отыр. 

Осыған орай Акольсіз сусындар мен шырын өндірушілер қауымдастығы бірқатар ұсыныстар жасады. Сонымен, олардың ойынша, сала кәсіпорындары дерктерін талдау негізінде жерасты суларына ПҚӨС негізделген орташа мөлшерлемесі 1 текше метр өндірілген су үшін кейін айлық есептік көрсеткіштен 5%-ға дейін көтерумен 3% құруға тиіс.

Өндірушілердің пікірінше, Қаржы министрлігі мөлшерлемені белгілеуде бизнестің көлемін, сондай-ақ кәсіпорынның өткізу көлемі мен табыстылық деңгейі арасындағы айырманы, өндірілетін өнімнің маусымдылығын, бәсекелес ортаны, КО салық салынатын базасындағы айырманы, Қазақстанның алда ДСҰ-ға кіруін ескермейді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер