«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ертеңге қалдырмай

2015 жылғы 28 Тамыз
- Қарағанды облысы
12221 просмотров

Теміртау тұрғыны «Бизнес-кеңесші» тренингінен өткеннен кейін жеке туристік фирмасын ашты

Жұлдыз Шалбарбаева жеке іс ашуды бұрыннан армандап жүрген еді. Ол сәті түсіп «Бизнес-кеңесші курсына тап болады да, екі күндік тренингтен өтеді…

Бір ай өткен соң Жұлдыз оқудың нәтижесін көрсету үшін, бизнес-тренерді кеңсесіне шақырады. «Apple Tur» туристік агенттігінің кеңсесіне кірген бетте қабырғада ілініп тұрған курстан өткені туралы сертификатты көзіңіз шалады. «Бұл менің бойтұмарым», - дейді Жұлдыз және туризм қызметтерін көрсетумен әрі Теміртау қаласының тұрғындарына демалыс жолдамаларын берумен айналысуға бел буғанын түсіндірді.

«2015 жылғы шілде айында «Apple Tur» ЖШС тіркеп, кеңсе таңдап алдым және клиенттермен бірден белсенді араласып, жұмыс жасап кеттім», - дейді бизнесвумен.

«Курста тырысып оқығандықтан, тәжірибеде әлдеқайда жеңіл болды және бизнес-тренер Меруерт Төреқұловадан алған барлық білімімді істе қолдануға тырысамын. «Бизнес-Кеңесші» кәсіпкерлік психология, бизнес нысандарының қыр-сырын бажайлауға көмектесті. Мұндай оқу бағдарламасы меркетингтік зерттеулерде дағдыларды көрсетеді, басшыға тәні тұлғалық қатынастардың қандай болатынын білуге мүмкіндік береді. Енді өзім басшы болып отырмын», - дейді Жұлдыз

«Бизнес–Кеңесші» жобасы – бұл екі күндік қысқа мерзімдік бизнес негіздеріне оқыту. Мұндай тренингтер Қарағанды облысының барлық қалалары мен аудандарында өтті. Жеке істі қалай ашу керектігін және жеке бизнес ашуға не қажет екенін барлық ісін бастаушы кәсіпкерлер біле бермейді.

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бастамалаған «Бизнес-Мектеп» жобасының аясындағы «Бизнес-Кеңесші» тренингі бірінші кезең болып табылады және кәсіпкерлікке кіріспе, кәсіпкерлік психологиясы, бизнес-жоспар жасау, маркетингтік қызмет, қызметкерлерді басқару, кәсіпкерлерге арналған қаржы, кәсіпкерліктің заңгерлік аспектілері, бизнесті жүргізу үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану дағдылары сияқты тақырыптардан тұрады.

Қарағанды облысында «Бизнес-кеңесші» жобасының аясында 33 оқыту курсы өткізілді. 1070 тыңдаушы оқытудан өтті. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер