«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Өтімділік» түйткілі жойылды ма?

2015 жылғы 27 Тамыз
8895 просмотров

Ұлттық банк Қазақстанның әрбір облысы қолма-қол ақшаның көлемді қорымен жарақталғанына сендірді

Ұлттық қолма-қол валюта нарығы жалпы бір қалыпта. Ұлттық банк берген деректерге сүйенсек, айырбастау орындарының көпшілігі ұлттық және шетелдік валютаны сатып алуды да, сатуды да жүргізуде. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осылай деп хабарлады.

«Теңге әрі шетелдік валютадағы қолма-қол ақша қоры жеткілікті», - деп сендірді бүгін Олег Смоляков. Сонымен бірге, Ұлттық банктің әрбір филиалы ұлттық валютамен бір жарым айлық қажеттілік мөлшерінде қамтамасыз етілген.

«Банктер тарапынан шетелдік валютаны қосымша нығайту және айтарлықтай сұраныс байқалмайды». Олег Смоляков теңге бағамының күрт төмендеуінен кейін алғашқы күндердегі дүрлігудің «айырбас орындарында белгілі бір баға бағдарлары болмай, теңге бағамы қандай деңгейде тұрақтайтынын күтуіне» байланысты болды деп түйіндеді.

«Қазір дүрлігу жоқ», - дейді Олег Смоляков.

Жанар Бiрлiкқызы


Еншілес ұйымдар

Серіктестер