«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақтөбеде «Бизнес-өсім» бастау алды

2015 жылғы 25 Тамыз
- Ақтөбе облысы
11093 просмотров

Ақтөбеде «Бизнес-Мектеп» аясында 125 адамды оқыту жоспарлануда

Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлікті дамыту орталығында көлемді жобаның екінші кезеңі бастау алды.

Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасы сервистік қолдау бөлімінің бастығы Ержан Нұрғалиевтің айтуынша, «Бизнес-кеңесші» сертификатына ие әрекеттегі және ісін бастаушы кәсіпкерлер үшін қысқа мерзімдік тегін оқыту көзделеді. Енді олар «Бизнес-өсім» курсын тыңдап, тәлімгерлік қағидаттарын қолданумен жобалық оқыту бойынша білім алады.

«Бизнес-өсім» бизнесті өркендету негіздеріне кеңейтілген білім ұсынуға бағытталған. Атап айтқанда, курсқа қатысушыларға маркетингтік зерттеулер мен маркетингтік талдау жүргізу жайлы, өнімді нарықта өркендету және сатуды арттыру жайлы айтылады. Қаржылай есептілікті талдаудың не үшін қажет екенін, қаржыны қалай басқару керектігін түсіндіреміз. Осы білімдер мен дағдылар кәсіпкердің жобадағы бастама жасау, жоспарлау, жүзеге асыру, аяқтау және жобалық мақсаттарға қол жеткізу сияқты барлық сатыларды кәсіби түрде өткізуіне мүмкіндік береді. Оқыту кезеңі – екі күн», - деп хабарлады Ержан Нұрғалиев.

Тәлімгерлік қағидаттарын қолданумен өтетін жобалау оқытуы кәсіпкерлердің нақты бизнес түрін ашуы және дамытуы бойынша кәсіби білім алуына, табысты кәсіпкерлердің, салалық мамандардың  әрекет етіп жүрген жоба немесе бизнестің тәжірибелік мысалдарына қатысуымен практикалық дағды алуына мүмкіндік береді.

«Жобалық оқыту кезеңі – үш апта. Оқыту үшін қазір 6 топты қалыптастыру үшін адам жинап жатырмыз. Оқыту тақырыптары: шаруа қожалығын құру (ірі қара, ұсақ мал, құс өсіру), наубайхана, аспаздық ашу, жылыжай, ашық топырақта көкөністер өсіру, ателье, тігін цехын ашу, жолаушылар және жүк тасымалын ұйымдастыру, балалар бақшасын ашу», - деп қорытты бөлім бастығы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер