«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Теңге девальвациясынан кейін Қазақстанда тұрғын үй сатылымы көтерілді

2015 жылғы 25 Тамыз
11209 просмотров

ҚР құрылыс салушылар қауымдастығының басшысы Аслан Түкиев отандық валютаның еркін бағамының жылжымайтын мүлік нарығына қалай әсерін тигізетініне түсінік берді.

«Қазір көпшілік салушылар тұрғын үй сату кезінде айырбас бағамын бұрынғы деңгейде – бір доллар үшін 188-199 теңге мөлшерінде сақтауға тырысуда. Әрине, пәтер сатып алу қажет болған азаматтарға бұл тиімді, олар сатып алады. Статистика осы бағамды ұстап тұрған салушылар сатылымының бірнеше есе өскенін көрсетіп отыр. Оларға ақшасын теңгемен ұстағандар да, доллармен сақтағандар да барады. Бұл алғашқыларына ақшасын сақтап қалатын болғандықтан пайдалы, ал екіншілері долларларын теңгеге айырбастап, сәйкесінше, пәтерді бағам есебінен арзанға сатып алады. Сондықтан да сату көлемі бірнеше есе өскен. Мұның қаншаға созылатыны – бұл енді басқа мәселе», - деп хабарлады Аслан Түкиев.

Алайда ол ұзақ мерзімдік болжамдар жасамайды. «Бәрі де мемлекеттің экономиканы қолдау жөніндегі орта мерзімдік жоспарын іске асыруына байланысты. Оған түсеміз деп сенеміз, себебі керісінше жағдайда жағымсыз салдарлар орын алады. Қазір экономикалық мақсатқа лайықтылық тұрғысынан мемлекетке ЖІӨ қолдауға қабілетті салаларды қолдау тиімді. Бұл ең жоғарғы қазақстандық мазмұнмен қосылған құнды құрайтын салалар. Осындай негізгі салалардың бірі құрылыс болып табылады», - деп атады қауымдастық басшысы.

Аслан Түкиевтің айтуынша, құрылыс саласында қазақстандық мазмұнның үлкен үлесі бар. «Эконом санатты баспана үшін ол кейде 90-95%-ға жетеді, элит санатты жобалары үшін – 75% және одан аз. Мұнда (элит санатты секторда – авт.еск.) қымбаттау орын алады. Қандай қымбаттау жайлы айтып отырмыз? Бағаның емес, өзіндік құнның қымбаттануы жайлы. Ол шаршы метрдің бағасына барабар түрде өте ме – бұл нарық мәселесі», - деді ол және баспананың өзіндік құнының аз дегенде 7-8% және көп дегенде 10-15% өсетінін айта кетті.

Қазақстанның құрылыс салушылар қауымдастығының атқарушы директоры сонымен қатар девальвацияның «құрылыс саласына мүлдем әсерін тигізбейтіні» жайлы дәйектерді қолдамайтынын баса көрсетті.

«Құрылысшылар үшін девальвация дегеніміз не? Бұл нарықтағы сұраныстың азаюы. Біз үшін апатты әрі принципті мәселе осында болып отыр. Девальвация азаматтардың баспана алу мүмкіндігін азайтты. Салушылардың сату құрылымы осы сұранысты қолдаудың ешқандай да қаржылай шараларының жоқтығын көрсетіп отыр, өкінішке орай. Мәселен, кредиттеу пәтерлерді сатып алу нысаны ретінде салушылар сатылымының құрылымында көп дегенде 10% құрайды. Яғни пәтерлердің 90%-ы қолма-қол ақшамен есептесумен – бөліп төлеуге немесе салушының басқа да мехнимздеріне сатылып алынады. Бірақ бұл сатып алушы мен салушы арасындағы банктер мен басқа да институттар қатыспайтын қатынас», - деп түсіндірді ол.

«Әзірше мемлекет тарапынан қолдауды көріп отырған жоқпыз және ол болмайды деп алаңдаулымыз, себебі сұраныстың азаятынын түсінеміз», - деп қорытты Аслан Түкиев. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер