«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Doing Business» мүмкіндіктері

2015 жылғы 24 Тамыз
- Алматы қаласы
10906 просмотров

Алматылық шенеуніктер бюрократиямен күресуде, бірақ әзірше еңсерілмеген дүние көп

Алматы Кәсіпкерлер палатасында «Сәулет және қала құрылысы басқармасының» өкілдері қала кәсіпкерлерімен кездесті. Олар бизнестің тіршілігін қалай жеңілдететіндері жайлы айтып бермекші болды.

«Еліміздің Президенті әлемдегі 30 бәсекеге қабілетті ел қатарына кіру стратегиялық міндетін алға қойғанын білесіздер. Осы көктемде «Doing Business» рейтингін жүргізу аясында бізге Дүниежүзілік Банк өкілдері келген болатын. Олар Ұлттық экономика министрлігі және «Атамекен» ҰКП-мен бірге жұмыс жүргізеді. Аталмыш жұмыстың міндеті бизнеске арналған процедураларды жеңілдету болып табылады. Мәселелер арасында рұқсат ету құжаттарын даярлау және беру мерзімін қысқарту да бар», - деді қалалық Сәулет және қала құрылысы басқармасы директорының орынбасары Төлеуқан Исмаилов Алматы Кәсіпкерлер палатасында өткен бизнес-қоғамдастықпен кездесуде.

Төлеуқан Исмаиловтың айтуынша, басқарма жеті мемлекеттік қызмет көрсетеді. Олардың ішінде жылжымайтын мүлік нысандарына мекенжайлық анықтама, сәулет-жоспарлау тапсырмаларын беру, салмақ түсетін және қоршау конструкцияларына, инженерлік жүйелер мен жабдықтар және басқаларына байланысы жоқ үй-жайды қайта қалпына келтіруге рұқсат беру кіреді.

«Бұрын кәсіпкер «Алматыгазға» немесе қалалық су арнасына жүгінетін еді. «Бізде мүмкіндік жоқ, таусылған. Желілерді дамытуға ақша төлеңіздер, бәрін де жасап береміз», - дейтін олардың өкілдері. Монополис ақшамызды сыпырып алатын. Енді Үкіметтің қаулысымен осы мәселелердің барлығын жергілікті атқарушы орган – яғни қалалық әкімдіктің құрылымдық бөлімшесі болып табылатын біздің басқарма шешеді», - деп ақпарат берді бизнесмендерге Төлеуқан Исмаилов.

Оның айтуынша, басқарма «бір терезе» қағидатымен жұмыс жасайды.

«Кәсіпкер енді қажет құжат алу үшін, монополистерге жүгірмейді. Біздің инженерлік желілер бөлімі қабылдап, құжаттарды өзі жөнелтеді», - деп атады ол. - «Қай жерде қандай желілер, қандай магистраль өтетінін жақсы білеміз. Сондықтан да монополистің айла-әрекеті іске аспайды».

Кәсіпкерлер жеке кеңселері немесе дүкенінің кіре-берісіне іліп қоятын маңдайша жазуға қатысты сауал тастады.

Оған қалалық сәулет өкілі «Жарнама туралы» Заңның 11 бабы 1.1 тармағына сәйкес «сауда нысандары, қоғамдық тамақтану кәсіпорындары және тұрмыстық қызмет саласының маңдайша жазулары ғана жарнамаға жатпайтынын» түсіндірді.

Мұндай түсіндірме кәсіпкерлерді абдыратып тастады. Сонда білім беру, денсаулық сақтау немесе басқа да салалар мекемелерінің осыған ұқсас маңдайша жазбалары да «жарнама» болғаны ма? Дегенмен, бұл да сондай жазба әрі олар әлеуметтік нысандарға жатады. Заңның аталмыш бабын түзету қажет екені сөзсіз.

Алматы Кәсіпкерлер палатасы мен қаланың сәулет және қала құрылысы басқармасы осы жылдың көктемінде өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойғанын еске саламыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер