«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Теңгенің еркін бағамымен Қазақстан Қытай нарығына қуатты экспортшы бола алады

2015 жылғы 24 Тамыз
9400 просмотров

Қазақстанның көршісі 3,8 миллион тонна зәйтүн дақылдарын және 9 миллион тонна бидай импорттайды

«Мұндай еркін бағаммен Қытай нарығына қуатты өнім экспорттаушы бола аламыз. Біз бәрін де Қытайдан импорттауға үйреніп қалғанбыз. 3,8 миллион зәйтүн дақылын Қытай тұтынады, және де олар осы өнімді 50-100 жыл бойы сатып алуға дайын. Олар оны Қытайдан, Америкадан әкеледі – қаншама қашықтық екенін елестетіп көріңіздер. Қытайлықтарды алаңдатып отырған ең жаманы – онда гендік түрлендірілген майларға рұқсат етілген», - деп мәлімдеді «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның айтуынша, сонымен қатар Қытай 9 миллион тонна бидай импорттайды. «Өтініп сұрайын, жанымызда отыр ғой, осыны қолға алайық», - деп атады Абылай Мырзахметов.

ҰКП басшысы үкіметтің қыркүйек айының соңында Қазақстан экономикасының 3-5 жылға орта мерзімдік даму Жоспарын жария ететінін хабарлады.

«Құрылымдық шараларда еш жаңалық жоқ, бәрі де түсінікті: экономиканы әртараптандыру, оның құрылымын ауыстыру, экспортқа бағдарланған шикізат салаларына тәуелді болмау, онымен үнемі тұзаққа түсіп қала береміз – осы міндеттер алға қойылды», - дейді ҰКП басшысы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер