«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Абылай Мырзахметов: Теңгенің еркін бағамы – мәжбүрлі әрі қажет шешім

2015 жылғы 20 Тамыз
9917 просмотров

Ақордада Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бизнес өкілдерімен кездесуі өтуде.

«Бүгінгі шешім отандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін көтеруге, қосымша түсім алуға, ең бастысы, жұмыс орындарын сақтауға мүмкіндік берері сөзсіз. (…) Бұл адекватты, мәжбүрлі әрі аса қажет шешім», - деп мәлімдеді «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов.

«Нұрсұлтан Әбішұлы, жағдайды талдап, мүмкіндігінше, жалақыны қайта қарап, индекстейтін боламыз. Осындай бастама көтереміз», - деп атады ол.

Абылай Мырзахметов бүгінде Қазақстанға жаңа өткізу нарықтарын іздеудің ерекше маңыздылығын атады. «Талдау жасап, Қытайдың 3,8 миллион тонна өсімдік майын импорттайтынын анықтадық. Бірнеше саланы мамандандырып, 10-15 жылға кепілдендірілген келісімшарттар ала аламыз. Қазір осы бағытта жұмыс жасауды бастаймыз. Қазір иран нарығы, Ресейдің шекара маңындағы облыстары ашылуда, себебі бүгінгі шешім диспаритетті жояды және сол жаққа экспорттау мүмкіндігі болады», - деді төраға.

ҰКП басқарма төрағасы теңге бағамын төмендету қажеттігінің ұзақ талдаудан өтіп, талқыға түскенін баса көрсетті. «Экспортшылар қолдады, ал шағын және орта бизнесте кейбір салалардың кей дүниелерден айырылып қалуы мүмкін деген қауіп болды: біреуде валюталық кредит бар, валюталық түсімі жоқ дегендей. Бұл жағдайды да талдаудан өткіздік, жүгінуіне болатын жедел штаб құрдық. Апта сайын дерлік үкімет басшылығымен, барлық министрлермен байланыста болдық, бұл ақпаратты жеткізіп, бірге талқыладық. 25 маусымда премьер-министрдің біздің белсенділермен кездесуі өтті. Осы жарты жылдықта жағдай нашарлай бастады. ШОБ бағам түзетілу қажеттілігіне тап болды. Бұл шешімді бизнес өкілдері – Ұлтық палатаның түрлі салаларды танытатын құрметті мүшелері қолдайтынына сендіре аламын», - деп хабарлады ол.

Абылай Мырзахметов сонымен бірге Ұлттық палатаның отандық бизнестің бәсекеге қабілетті болуға тиістігін түсінетінін айтып өтті. «Интеграцияда болатынымызды, шығындармен, менеджмент сапасымен жұмыс жасау керектігін, инновацияларды жетілдіріп, енгізу керектігін үнемі ескертіп отырдыңыз. Алайда рубльмен арадағы диспаритет салдарынан орын алған бұрмаланған бәсекелестік шынайы көріністі бере алмайды», - деді ол.

«Қарағандылық құс фабрикасының оқиғасынан бәрі де хабардар. Фабрика директоры барлық шекара маңындағы облыстарға толып кеткен ресейлік арзан импортпен бәсекеге түсе алмағандықтан мекин тауықтарының 30%-н таратып беруге мәжбүр болды», - деп мысал келтірді ҰКП басқарма басшысы.

«Сындарлы әріптес болу, кері байланыс жасау, бизнесті шоғырландыру, оның белсенуін, экономика өсімін қамтамасыз ету, әлеуметтік әл-ауқат сияқты алдымызға қойған міндеттеріңізді бұдан әрі де белсенді түрде орындай беретінімізге сендіремін», - деп қорытты ол.

Қазақстан Президенті өз кезегінде еліміздің интеграциялық саясатының дұрыс екенін баса көрсетті, себебі еліміз халқы жөнінен де, экономика көлемі жөнінен де өзін-өзі жеткілікті деңгейде қамти алмайды. «Біз үшін аса зор нарық –  бұл Ресей мен Қытай. Біздің бірыңғай экономикалық кеңістікте болуымыз – бұл да маңызды. Ресей біздің өтініштерімізге үнемі үн қатып отырады. Бірақ, нарықтық жағдайда, оларды бір нәрсені былай жаса деп мәжбүрлей алмайтынымызды түсінесіздер, олар да дәл солай. Әрбір бизнес қалыптасқан жағдайды қолданады. Жалғыз мүмкіндік – бұл бәсекеге қабілеттілік. 1 қаңтардан бастап ДСҰ нақты мүшесі боламыз. Ондағы бәсеке бұдан да күштірек. Сондықтан да ештеңеден қорқудың қажеті жоқ. Шыңдалып, жаңа деңгейге шығу керек», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер