«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

5-7 жыл шыдай тұруымыз керек

2015 жылғы 20 Тамыз
9422 просмотров

Үкіметте қазақстандықтардың жағдайы қашан қалыпқа түсетіні сөз болды

Таяу арадағы бес-жеті жылда Қазақстанда өндірілетін шикізат бағасы төмен деңгейде болады, сондықтан да осы жағдайда өмір сүруге тура келеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстанның Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлімдеді.

«Таяу арадағы аз дегенде бес-жеті жылда, мүмкін одан да көп болар, басқа экономикалық жағдайда өмір сүретін боламыз деп болжап отырмыз. Мұнай бағасы мүлдем басқа санатта, бір баррель үшін 30-40-50 доллар, металл мен өзге де Қазақстанда шығарылатын шикізат бағасы айтарлықтай төмен деңгейде болатын басқаша баға жағдайында өмір сүруге үйренуіміз керек», - деді Кәрім Мәсімов бүгін, 20 тамызда өткен брифингте.

Кәрім Мәсімов «мұндай жағдайда мемлекет, әрине, жауап қатып, ҚР экономикалық саясатына түзетулер енгізуге тиіс» болатынына сендірді.

Жанар Бiрлiкқызы


Еншілес ұйымдар

Серіктестер