«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Теңге бағамы еркін белгіленеді

2015 жылғы 20 Тамыз
10172 просмотров

Ұлттық валютаның басқа валюталарға шаққандағы бағамын енді болжау мүмкін болмайды

Бүгінгі күннен бастап Қазақстанда теңгенің бағамын еркін белгілеуге көшетініміз жарияланды. Бұл туралы Үкіметте өткен селекторлық отырыста ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов хабарлады.

«Әлемдік экономикадағы іргелі жағымсыз өзгерістер жағдайында жаңа экономикалық саясат экономикалық өсім мен баға тұрақтылығы арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету үшін жаңа ақша-кредит саясатын талап етеді. Осыған орай Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық банк 2015 жылғы 20 тамыздан бастап инфляциялық таргеттеу режиміне негізделген жаңа ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға кірісуге және еркін белгіленетін айырбас бағамына көшуге шешім қабылдады», - деді Кәрім Мәсімов Үкімет пен Ұлттық банктің бірлескен мәлімдемесін жеткізе отырып. 

«Ендігі жерде еркін белгіленетін бағаммен өмір сүретінімізге үйренуге тиіспіз. Ол жоғары көтерілуі де, төмендеуі де мүмкін», - деді Кәрім Мәсімов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Жанар Бiрлiкқызы


Еншілес ұйымдар

Серіктестер