«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Заңсыздыққа жол берілмейді

2015 жылғы 19 Тамыз
9969 просмотров

Қазақстанның Қаржы министрлігі қазақ-қырғыз шекарасындағы бақылауды алып тастау тауарларды бақылаусыз экспорттауға алып келмейтініне сендірді.

Қырғызстан ЕАЭО-ға кіргеннен кейін Қазақстанға қытайлық тауарларды қырғыздық деп алып өту талпыныстары орын алуы да мүмкін. Қазақстанның Қаржы министрлігі Мемлекеттік табыс комитеті Өткізу бекеттерінің қызметін ұйымдастыру басқармасының басшысы Қайрат Маубаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осындай ой айтты.

«Қырғызстанның ЕАЭО-ға кіруінің жағымды және жағымсыз тұстары бары сөзсіз», - деп атады ол. Қайрат Маубаев «бұл, шынымен де, көлемді экономикалық алаң, онда қаржы мен тауар еркін жүре алады, сонымен қатар жұмыс күшіне де жеңілдіктер жетіп жатыр» деп атады. 

«Тауарлардың реэкспорты бойынша қытай тауарлары қырғыздық түрмен Қазақстанға қайта кіруі мүмкін деген белгілі бір қауіптенулер жоқ емес», - деп жалғады сөзін Қаржы министрлігінің өкілі.

Қаржы министрлігі сонымен қатар Қазақстанның «ЕАЭО мүше мемлекеттері кеден органдары арасында өзара мәлімет алмасу және айқын мониторинг» жүргізетініне сендірді.

«Осы процеске мониторинг жүргізіп, қандай жүк тасымалдары екенін, қайда бара жатқанын қадағалап отырамыз. Қырғыз әріптестеріміздің әрбір кедендік бекетіне дейін кімнің нені ресімдеп жатқанын көре аламыз және өз тарапымыздан бәрібір қандай да бір шаралар қолданатын боламыз», - деп сендірді Қайрат Маубаев. 

Қаржы министрлігі сонымен бірге аталмыш салаға жетекшілік ететін ҚР Ұлттық экономика министрлігі үшін сауда саясатын реттеу жөнінде қажет нұсқаулықтар ұсынып отыруға, кейін осы ұсыныстарды ЕАЭО көлемінде талқылауға дайын.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер