«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнес-ханымдар жұмысы қалай жүріп жатыр?

2015 жылғы 19 Тамыз
- Астана қаласы
10977 просмотров

Әйелдер бизнесі мәселелері Мәжіліс депутаттарын толғандырады

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Гульжана Қарағұсова мен Қаржы және бюджет жөніндегі комитет хатшысы Татьяна Яковлеваның әйелдер басқаратын бірқатар елордалық өндірістік кәсіпорындарға сапары барысында әйелдер кәсіпкерлігінің келешегі, тенденциялары мен өзекті мәселелері жайлы сөз болды.

Олар «Стоун декор», «ПИК Ютария ltd» ЖШС және «Green Tal» кәсіпорындарында болды.

Депутаттар бүгінде әйелдер ролінің кәсіпкерлік қызметтің түрлі салаларында өсіп келе жатқанын атап өтті. Тіпті бастапқыдағы ерлер ісінде бүгінде әйелдер кез-келген ер адамнан асып түсердей көрінеді. Бұл қатаң ережелер әрекет ететін бизнес үшін де өзекті.

Оған айқын мысал – табиғи тасты өңдеу зауыты мен мәрмәр тақталар әзірлеу цехын біріктіріп отырған «Стоун Декор» кәсіпорны. Осы кәсіпорындарды нәзік жанды бизнес-леди Қымбат Арслан басқарып отыр.

Оның тобында тәжірибелі қазақстандық және Түркиядан келген мәрмәрші-қолөнершілер әулеті жұмыс жасайды. Өндірістік цехте баспалдақтар, үстелдің беті, терезе алды, мәрмәр, гранит, оникс және травертин сияқты табиғи тастардан жабын тақталар жасалады.

Депутаттар компания қызметімен танысып, оның жұмысына жоғары баға берді. Сонымен қоса кәсіпкерді толғантып жүрген мәселелерді белгілеп алды. Кәсіпорын жеке меншік, қалалық және республикалық маңызы бар көптеген жобаларды іске асырған. Ал бүгінде кәсіпорын мемлекеттік тапсырысты, елорда нысандарына қызмет көрсету жағын ұлғайтуды қалайды. Депутаттар бұл мәселені қала әкімшілігіне жеткізуге уәде берді.

Парламент мүшелері «ПИК Ютария ltd» ЖШС тігін фабрикасында да болды. Компания қызмет жасаған қысқа ғана мерзімде серпінмен дамуда. Бұл да басшысы Сәуле Шәуенованың еңбегінің арқасы.

Бүгінгі таңда кәсіпорын Астанадағы Индустриялық парк аумағында «КазТексЭкспо» автоматтандырылған өндірістік кешенін тұрғызуда. Жаңа тігін өндірісі көбіне әйелдер үшін 300-ден астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Фабрика халыққа арнап тігін және тоқыма сұрыпталымы тауарларын және Астанада өтетін ЭКСПО-2017 Дүниежүзілік көрмесін өткізуге бағдарланған өнім өндіретін болады.

«Декор-стоун» кәсіпорны және «Ютария» кәсіпорны соңғы инновациялық технологиялармен жабдықталған, барлық процестер автоматтандырылған, сондықтан да еңбек өнімділігі өте жоғары. Оған қоса өзіндік құны мен құны тіпті қытай базарларынан сатып алып жүрген өніммен де бәсекеге қабілетті деуге болады. Онда сатып алып жүргеніміз, мәселен, мектеп формасы, негізінде синтетикадан жасалады. Біз ұлттың денсаулығын ойлаймыз. Мұнда барлығы да біздің, қазақстандық, мата, мақтадан жасалған, және де балаларымыздың денсаулығына пайдалы», - деп бөлісті Гүлжана Қарағұсова журналистермен сұхбатта.

Депутат Мемлекет басшысының «100 қадам» Ұлт жоспарында жеке өндірісті дамыту және отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін көтеру сияқты екі маңызды міндетті алға қойғанын еске салды.

Мәжіліс депутаттары соңында өрілген бұйымдар жасайтын «Green Tal» шеберханасында болып қайтты. Онда өру өнерін халықтың әлеуметтік әлсіз топтары үйренуде.

«Green Tal» жобасы мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың, балалар үйі түлектерін және жалғыз басты аналарды оқытуға және кейін жұмысқа тұрғызуға бағытталған. Мұнда көк тал сабағынан бұйымдар өндіру жолға қойылған: сауыттар, себеттер, құмыралар, нан салатын ыдыс, үстелдер мен орындықтар, дивандар және басқалары. 

Бүгінгі таңда кәсіпорында 10 адам еңбек етіп жатыр. Олар күн сайын сағат 10.00-14.00 аралығында өрілген бұйымдар жасаумен шұғылданады.

Бір айта кететіні, қолөнершілер тоқылған себетке алғашқы ірі тапсырысты осы Мәжіліс депутаттарынан алған еді. Депутаттар кәсіпорынның бірқатар әкімшілік мәселелерін шешуге жәрдемдесуге уәде берген болатын. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер