«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Дина Мамашева «Атамекен» ҚР ҰКП Кедендік әкімшілік ету департаментін басқарады

2015 жылғы 19 Тамыз
13701 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының бұйрығымен Кедендік әкімшілік ету департаментіне Мамашева Дина Талғатқызы директор болып тағайындалды.

Дина Мамашева Алматы энергетика институтын, сонымен қатар 2006 жылы Еуразиялық нарық институтын мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша аяқтаған.

Әр жылдары кедендік органдарда басқарушы лауазымдарда болған. 2013 жылы ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Төрағасының орынбасары қызметін атқарған. 2014-2015 жылдары ҚР ҚМ Кедендік ресімдеу департаментінің директоры болып жұмыс жасаған.

Белсенді азаматтық ұстанымы үшін Қазақстан Республикасы Президентінің құрмет грамотасымен, 2 дәрежелі «ЕАЭО құруға қосқан үлесі үшін» медалімен, «КО қалыптастыруға қосқан үлесі үшін» медалімен, «ТМД мүше мемлекеттерінің кедендік ынтымақтастығын нығайтқаны үшін» медалімен, кедендік органдардағы қызметтегі озаттық төс белгілерімен марапатталған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер