Өңірлердегі бизнесмендердің кредит және жер алуы қиындап тұр
Ақмолалық кәсіпкерлер парламентарийге өз түйткілдерін жеткізді
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Соловьева жергілікті кәсіпкерлердің түйткілді мәселелерін талқыға салу үшін, Ақмола облысындағы кәсіпкерлік қоғамдастықпен кездесті.
«Халықтың өтінішіне жауап қату үшін, Ақмола облысындағы кәсіпкерлік қоғамдастықты қандай түйткілдер мазалап жүргенін білу үшін, кері байланыстың тиімді арнасы қажет. Жұмыс сапарымның барысында өңірдегі зияткерлік, іскерлік әлеуеттің жоғарылығына көзім жетті», - деп атады облыстық кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі қоғамдық кеңес отырысының барысында Айгүл Соловьева.
Сұрақтар біршама көп болды. Кездесуге қатысушылар шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіруші ортақ түйткілдерді сөз қылды. Өңір кәсіпкерлерінің арман-тілегін қоғамдық кеңес төрағасы, облыстық мәслихат депутаты, «Нарол» ЖШС директоры Нартай Искаков жеткізді.
«Бүгінде екінші деңгейдегі банктерге Ұлттық қордан ШОБ-ты кредиттеуге теңдессіз қаражат бөлінген. Алайда банктер өтімді кепілзат ұсыну жағынан тым жоғары талаптар қоюын жалғастыруда, кредиттер бойынша сәйкес келмейтін мөлшерлемелер қояды», - деп назаланды бизнесмен.
ӨКП директоры Уәлихан Ғабдуллин кәсіпкерді қолдап, сөз алды. Оның ойынша, мемлекеттік бағдарламалар операторлары отандық екінші деңгейдегі банктер болуы керек.
«Осы тұрғыдан алғанда, ресейлік қаржы институттарымен салыстырғанда, олар бәсекеге қабілетсіз. Мәселен, Өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысында 19 өтінімнің ішінен 14 өтінім Сбербанк пайдасына қаралған», - деп атады ӨКП басшысы.
Бизнес субъектілері заң жобаларына да қатысты сұрақтар қойды. Атап айтқанда, алдағы ауыл шаруашылық жерлерін жекешелендіруге, жаңа Еңбек кодексіне және т.б. қатысты.
«Левзея» ЖШС басшысы Владимир Федоренконың айтуынша, жерді жекешелендіру процесі ашық жүргізілуге тиіс.
«Бұл мәселені, жер ресурстарын пайдаланудың шынайы экономикалық тиімділігін, егжей-тегжейлі зерттеу қажет, себебі бұл жағдайда шағын бизнес зардап шегуі мүмкін», - деп атады ол.
Айгүл Соловьеваның сөзінше, қызықты да байыпты сұхбат барысында ұсыныстар, сыни ескертулер айтылған. Олардың барлығы бақылауға алынады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: