«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Көкпекті қайғылы оқиғасына айыпталушы кәсіпкер 7 жылға сотталуы мүмкін

2015 жылғы 18 Тамыз
9800 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тергеу «жазықты» етіп отырған бизнесмен Владимир Крючковтың құқығын қорғау үшін омбудсменге жүгінбекші.  

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында «Сантехпром» ЖШС басшысы Владимира Крючковтың ісі бойынша баспасөз конференциясы өтті.

«Еліміздің азаматтарының заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға тиіс адам құқығы жөніндегі уәкілетті орынға жүгінгіміз келеді. Владимир Крючков та еліміздің азаматы. Құқық қорғаушы және қоғамдық ұйымдардың, заңгерлік қызметтер мен кәсіпқой сарапшылардың арқасында әділдікті қалпына келтіріп, істің объективті түрде тергелуіне қол жеткізетінімізге сенеміз», - деп мәлімдеді «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Гүлнар Құрбанбаева.

Ұлттық палата заңгерлері құқықтық көмек сұрап жүгінген Владимир Крючковтың барлық дәлелдерін зерттеп шығып, оны негізді деп тапты.

«Владимир мырза ұсынған процессуалдық құжаттардан қылмыстық тергеу органының іс бойынша күдіктіні ақтаушы, сонымен қатар жауапкершілік пен жазаны жеңілдетуші мән-жайларды анықтау жөніндегі заң талаптарын бұзғанын көруге болады. Осының салдарынан күдікті мен оның қорғаушысының сотқа дейінгі тергеудің толықтығына және объективтілік пен істің ақиқаттын орнатуға бағытталған тергеу әрекеттерін жүргізу туралы өтініштері негізсіз түрде қабылданбауда», - дейді ҰКП кәсіпкерлерді құқықтық қорғау департаментінің директоры Олег Савеленко.

Сондай-ақ, сарапшының ойынша, құрылтайшысы және бас директоры Владимир Крючков болып табылатын «Сантехпром» ЖШС мүлкіне заңсыз түрде тыйым салынған.

«Аталмыш мүлік меншік құқығында заңды тұлға ретінде «Сантехпром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі. Ол құрылтайшы және бас директор ретінде Владимир Крючковтың әрекеті үшін жауапкершілік ала алмайды», - деп түсіндірді ол.

«Бұл жағдайда кінәні өзіне алатын жазықты біреуді тауып ала салу ыңғайлы болып отырған сияқты. Оны кім мойнына алуға тиіс? Табиғи ресурстарды біршама табыспен қолданып жүрген адам, төтенше жағдай орын алғанда жазатайым сол орында болған адам.

Бұл кімге пайдалы? Бұл онсыз да белгілі деп ойлаймын. Не үшін бұлай жасалып жатыр? Бұл осындай процессуалдық бұзулар орын алып жатқандағы тергеу органдары өкілдерінің салақтығы мен біліксіздігі ме, не болмаса жағдайға көз жұма салу деген құқық қорғау, қадағалау және басқа да мемлекеттік органдардың о бастан, ертерек ойластырылған жұмыс тәсілі ме? Қаржы ресурстарына ие және халық шығынының орнын толтыра алатын адам бар, сол жерде болған адам бар және оны керек боп жатса қылмыстық жауапкершілікке тарта салуға болады», - деп атады Гүлнар Құрбанбаева.

Адвокат Николай Малюшенконың айтуынша, осы қылмыстық іс бойынша қорытынды негізіне алынған гидротехникалық сараптаманы Тараздан келген мамандар жүргізген. Сараптама жүргізілген институт ретінде мұндай сараптамалар жүргізуге оның лицензиясы жоқ. «Жауапты мұндай қорытындыларды ешқашан жасап көрмеген дилетанттар дайындағаны бірден көзге ұрып тұр. Мамандардың айтуынша, есептеулерде айтарлықтай қайшылықтар бар», - деп қосты ол.

«Кез-келген тергеудің міндеті – істің барлық мән-жайын анықтау, айыптыларды жазалау және оқиғаның қайталануына жол бермеу. Бұл жағдайда мұның бәрі жасалмаған. Тергеу бір ғана себепті көріп отыр – бөгеттің жарылуы, және де көрінеу дүние – алдын алу мүмкін емес қалыптан тыс су тасқынын ешкімнің де байқағысы келмейді. Сонымен қатар тергеу тоғанды бақылау жұмыстарын жүзеге асыруға құзырлы тұлғалардың айыбын көріп отырған жоқ. Ал бір айта кететіні, тоғанның пайдалану мерзімі өтіп кеткендіктен, бірнеше рет қанағаттанарлық деп таныған», - деп атады юрисконсульт Олег Калугин.

Адвокат Владимир Крючковқа қандай жаза болатыны жайлы журналистер сұрағына жауап бере отырып, бұл процеске қазір араласпаса, тергеудің объективті жолмен жүрмей, кәсіпкердің 7 жылға бс бостандығынан айрылуы мүмкін екендігін түсіндіріп өтті. Оның үстіне, залалдың орнын толтыру ретінде 1 миллиард 380 млн теңге төлеуіне тура келеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер