«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жеке меншік пристав – мемлекеттік сот орындаушыларға лайықты балама

2015 жылғы 14 Тамыз
13733 просмотров

Қазақстанда мемлекеттік сот орындаушылар санын кезең-кезеңмен қысқарту басталады. Қазақстанның Әділет министрлігі Сот актілерін орындау жөніндегі департаменті директорының орынбасары Саида Сағадат Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осылай деп хабарлады.  

Әділет министрлігінің деректеріне сүйенсек, 2016-2017 жылдарға мемлекеттік приставтарды біртіндеп қысқарту белгіленіп отыр. «2018 жылы сот орындаушылардың барынша аз мөлшері қалады деп шамалап отырмыз. Олар мемлекет мүддесінде сот істерін орындайтын болады», - деді Саида Сағадат.

Жеке меншік сот орындаушылар қызметінде де жаңалықтар болмақшы. 2016 жылдан бастап олар заңды тұлғалардың айыппұл жазаларымен жұмыс жасау құқығына ие болады, ал 2017 жылдан бастап жеке меншік орындаушыларға қарыз істерінің барлық санаттарымен жұмыс жасауға рұқсат етіледі.

Бірақ мемлекет қазыргер болып табылатын істер, сонымен қатар қуыным сомасы 1000 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мемлекет мүддесінде жүргізілетін істер бұған кірмейді.

Әділет министрлігінің деректері бойынша, қазір Қазақстанда 1275 мемлекеттік сот орындаушы және 755 жеке меншік орындаушы жұмыс жасайды. Сандық теңсіздікке қарамастан, жеке меншік сот орындаушылар тиімдірек жұмыс жасауда, деп мәлімдеді Республикалық жеке меншік сот орындаушылар палатасының төрағасы Сергей Ли.

Ол аргумент ретінде мониторинг деректерін келтірді. Аталмыш деректер, төраға сөзіне сүйенсек, жеке меншік приставтар келуімен қарызгерлермен күрес сапасына және мерзіміне деген шағымдар азайғанын әрі мемлекеттің оларды ұстауға жұмсайтын қаражаты кемігенін көрсетіп отыр.

Жанар Бiрлiкқызы


Еншілес ұйымдар

Серіктестер