«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жаңа кеңседе – тың қуатпен

2015 жылғы 12 Тамыз
- Ақмола облысы
11220 просмотров

Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасы заңды мекенжайын ауыстырды

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының кеңсесі ауысып кетті. Ұйым Көкшетау қаласының орталығындағы, Абай көшесі, 96 үй мекенжайына көшті. Бизнес-орталықтың жаңа кеңсесінде Палатадан жәрдем сұрап келетін кәсіпкерлер үшін және мамандардың жұмысына ыңғайлы жағдай жасалған.

Ақмола облысына жұмыс сапарымен келген «Атамекен» ҰКП өңірлік даму департаментінің директоры – басқарушы директор Төлеміс Шотанов ұжымды осындай маңызды оқиғамен құттықтады. «Жаңа кеңсенің ашылуы Палата сарапшыларының тиімді жұмысына сеп болып қоймай, оған деген сенімнің артуына, өңірдегі кәсіпкерлік қоғамдастықтың арасында жағымды бет-бейнесінің қалыптасуына мүмкіндік береріне сенімдімін. Өңірлік палата жұмыс жасаған бір жыл ішінде белгілі бір табыстарға жетіп, үлкен жұмыстар атқарды. Оған дәлел ҰКП рейтингілік жүйесіндегі көшбасшылық жайғасымы», - деп баса айтты ол. 

Осындай жағымды оқиға Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің ең белсенді мүшелерінің бірі «Дастархан» ЖШС директоры Елена Мащинскаяны «Атамекен» ҰКП тағайындаған ІІІ дәрежелі «Іске адалдығы үшін» медалімен және экономика мен жеке кәсіпкерлікті дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін сертификатпен марапаттауға ұласты. Елена Ивановна — осындай жоғары марапатқа ие болған өңірдегі жалғыз бизнесвумен.

Төлеміс Шотанов жұмыс сапарының барысында Бұланды және Бурабай аудандары Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарының жұмысымен танысты. Өңірлік кеңес мүшелерімен жұмыс жиналысын өткізіп, онда бизнес субъектілерімен тиімді әрекеттестік мәселелері мен өзекті түйткілдер ортаға салынды.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер