«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ЕАЭО ритейлердері бірігуде

2015 жылғы 07 Тамыз
5665 просмотров

ЕАЭО-ға кіретін елдердегі ірі сауда желілерінің өкілдері нарықтағы ортақ іс-қимыл ережелерін ойлап таппақшы

Қазақстанның делегациясы 24-25 қыркүйекте Мәскеуде өтетін сауда-бөлшек сату индустриясы кәсіпорындарының саммитіне қатысады.  Саммит аясында Ресей, Белорусь және Қазақстан ритейлінің ассамблеясы өтеді деп болжануда. Аталмыш іс-шараның мақсаты ұлттықтың үстіндегі бірлестік – Еуразиялық Ритейл Федерациясын құру болмақшы.

Құрушылардың ойынша, Федерация ұлттықтың үстіндегі деңгейде әділ бәсекелестікті, сондай-ақ  бизнесті дамыту жолында кездесетін әкімшілік және өзге де кедергілерді жою кезінде әрекеттестікті дамыту үшін кооперация ережелерін келісуге арналған алаң қызметін атқарады.

Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Алматыдағы кеңсесінде шілде айында өткен қазақстандық жетекші ритейлдік және девелоперлік компаниялар кездесуінде осылай деп мәлімделді. Кәсіпкерлердің Еуразиялық Экономикалық Одақ аясында бөлшек бизнестің ұлттықтың үстіндегі бірлестігін қалыптастыру және оған қазақстандық ритейлдің қатысу жобасын егжей-тегжейлі талқыға салған кездесуі ҰКП сауда комитеті хатшылығының басшысы Жібек Әжібаеваның төрағалығымен өтті. Жиналысқа қатысушылар мақсаттар, міндеттер, жұмыстың басты бағыттарын және болашақ Федерацияның бірінші кезекті жобаларын талқылады.

«Қазақстандық ритейл бірлестіктен бизнесті дамытудағы кедергілерді алып тастау үшін және Еуразиялық Экономикалық Комиссияда заманауи сауда мүдделерін алға тарту үшін жаңа мүмкіндіктерді көріп отыр», - деп мәлімдеді кездесуді бірлесе ұйымдастырушы «B2B Conference Group (BBCG-Қазақстан) басқарушы директоры Алексей Филатов.

Кездесуге қатысушылардың ойынша, жаңа интеграциялық бірлестікте «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басты роль атқаруға тиіс.

«Қазақстанның Ритейлдер Қауымдастығы, Астана ритейлі Қауымдастығы сияқты коммерциялық емес бірлестіктер басшыларының және жетекші желілер мен сауда үйлерінің басшыларының басын біріктіре отырып, Еуразиялық ритейл Федерациясында Қазақстан Республикасы бизнесінің шоғырландырылған ұстанымын ұсынамыз. Осылайша, отандық кәсіпкерліктің мүддесін толық жауапкершілікпен қорғай аламыз, және де бизнеске арналған кеңістік ретінде ЕАЭО жетілдіру жұмыстарын жүргізе аламыз!» – деп атады ҰКП сауда комитеті хатшылығының басшысы Жібек Әжібаева.

Іс-шараға «Концерн Цесна-Астық» АҚ, «Мега-желі» АҚ, «M-Line Property Management» Холдингі, «Меломан» Компаниялар тобы, «Итальянская Вилла» ЖШС басшылары, сонымен қатар Қазақстанның Ритейлдер Қауымдастығының президенті Василий Горевой қатысты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер