«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жазасыздық қалыпты жағдайға айналғанда

2015 жылғы 07 Тамыз
- Ақтөбе облысы
9971 просмотров

Ақтөбелік монополияға қарсы қызметтің монополистің «еркелігіне» немқұрайлы қарап келгеніне бес жылдың жүзі болды

Ақтөбелік компания өзінің темір жолымен вагондар транзиті үшін нарық қатысушыларынан өте көп мөлшерде төлем алып келген. Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі департамент мұны біле тұрып еш шара қолданар емес. Мемлекеттік органның әрекет жасамауына не себеп болып отыр? Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңесінің мүшелері осының басын ашуға талпынды.

Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Руслан Күйшінов кеңес мүшелеріне сәл бұрын Палатаға «Ақ-Руно» ЖШС, «Западный транзит» ЖШС-дан шағымдар келіп түскені жайлы ақпарат берді.

«2015 жылғы 30 маусымда «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңесі мен Ақтөбе облысы прокуратурасының Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі штабының бірлескен отырысында мынадай түйткіл қозғалды - «Ақтөбе кондитерлік фабрикасы» ЖШС («Ақтөбе+» ЖШС) ұзақ уақыт бойы Ақтөбе өнеркәсіптік аймағынан өтетін өзінің темір жолы бойымен вагондарды өткізгені үшін шектен асқан ақша қаражатын алып тұрады. Тарифтерді ешкім де реттемейді. Осылайша, табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар туралы заңнама бұзылып отыр… «Қазақстан Темір жолы» ҰК АҚ темір жол тарифі шамамен вагоннан бастағанда 1 шақырым үшін 250 теңгені құрайды, ал «Ақтөбе+»  өз жолы бойынша бір вагонның 500 метр транзиті үшін отыз мың теңге алады», - дейді Руслан Күйшінов отырыс қатысушыларына.

Монополияға қарсы заңнамаға сәйкес, тысқары ұйымдарға кірме жолдар бойынша транзит қызметтерін көрсету табиғи монополиялар саласына жатады. Және де осы қызмет түрінің бағасы мемлекеттік реттеуге жатады. Ал қызмет көрсететін компаниялар табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тізіліміне енгізілуге тиіс. Бірақ «Ақтөбе +» ЖШС әлі күнге дейін бұл процедураны айналып өтіп келеді.

ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттіктің ақтөбелік департаменті атына ашынған компаниялар басшыларынан «Ақтөбе+» тонаушы тарифтеріне шағымданған хаттар бірнеше мәрте келгенін айта кету керек. Бірақ бұл түйткіл бес жыл бойы өз шешімін тапқан жоқ.

2010 жылғы 21 желтоқсанда компания атына мемлекеттік органға тариф пен тарифтік сметаны бекітуге тиісті түрде ресімделген өтінімді ұсыну туралы ұйғарым шығарылады. Бірақ…

«Аталмыш ұйғарым орындалған жоқ. Осыған орай Ақтөбе облысы маманданған ауданаралық экономикалық сотына талап-арыз беріледі. 2011 жылғы 16 қарашадағы сот шешімімен департаменттің талап арызы толығымен қанағаттандырылады. Сот шешімі заңды күшіне енеді, бірақ орындалмайды. Осыған байланысты Ақтөбе облысы сот актілерін орындау жөніндегі департаменті «Ақтөбе кондитерлік фабрикасы» АҚ қатысты атқару ісін қозғайды. Алайда 2012 жылғы 22 қарашада атқару ісі тоқтатылады. Қазірде компанияға қатысты кірме жолдар қызметтеріне смета тарифін бекіту туралы ұйғарым қайтадан енгізілді», - деп қорытты Руслан Күйшінов.

Департамент басшысы Болат Танабергенов «Ақтөбе+» ЖШС «Бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда қозғалмалы состав өтуі үшін кірме жолды ұсыну» қызметі бойынша табиғи монополиялар субъектілері Мемлекеттік тізілімінің жергілікті бөліміне кіргізілгенін хабарлады.  «Болашақта «Ақтөбе+» ЖШС кірме жолдарының қызметтеріне тариф орнату бойынша жұмыс жүргізілетін болады», - деп ол баса көрсетті.

Отырыс қорытындысы бойынша, Палатаға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментіне және Ақтөбе облысы прокуратурасына облыстық монополияға қарсы ведомство қызметін тексеруге ақпарат жолдау ұсынылды. Кеңес «Ақтөбе кондитерлік фабрикасы» ЖШС («Ақтөбе+» ЖШС) тысқары ұйымдарға қызмет көрсету деректерін анықтау жөніндегі жұмыстарда монополияға қарсы органның қаншалықты белсенді болғанына көзін жеткізгісі келеді.


Ұқсас жаңалықтар:

Монополистерді тоқтатар күш бар ма?
9 Сәуір
2016
Қарағанды облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер