«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Көң үшін жарты миллиард теңге

2015 жылғы 06 Тамыз
7366 просмотров

«Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының заңгерлері заң шығарушылардың айыбынан жиналып қалған жүйелік түйткілдерді анықтауға мәжбүр болып отыр.

Шығыс Қазақстан обылысының кәсіпкеріне заң бойынша тиісті сомадан төрт жүз есе артық айыппұл алынған. ШҚО Экология департаменті кәсіпкерге 460 095 435 теңге мөлшерінде айыппұл салған. Оған себеп біршама уақыттан бері қоршаған орта үшін қауіпті заттар тізбесіне енгізілген қоймаланған көң болып шықты.  Көң бөліп шығаратын заттарды бақылау органдары ірі фабрикалар мен зауыттар тарапынан зиянды элементтердің шекті жол берілетін шоғырының атмосфераға эмиссиясына теңестіреді.

Мұндай соманы «ВК Бекон» ЖШС үшін шамасы келмейтін қаражат болып шығып, кәсіпорын басшылығы «Атамекен» ҰКП-ға жүгінеді.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының араласуынан кейін апелляциялық саты қаулысымен мемлекеттік орган есептеген залал сомасы 1 035 215 теңгеге дейін төмендетіледі.

Экология департаментінің есептеуді Экология кодексінің 108 және 321 баптары, Салық кодексінің 495 бабы мен «Қоршаған ортаны ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау ережесін бекіту туралы» Үкімет қаулысы, сондай-ақ мәслихат шешімі негізінде жасағанын атап өту керек. Алайда 2013 жылы ҚР заңнамасына салық салу мәселелері бойынша түзетулер күшіне енеді. Табиғатты қорғау ведомствосы заң нормасын қате түсіндіріп, айыппұл сомасын 4 есеге артық есептейді.

Сонымен бірге аталмыш мәселе төңірегіндегі сот ісі шамамен бір жылға созылып, кәсіпкер негізсіз шығынға ұшырап отыр.

ҚР ҚКП-ға сонымен бірге Экология департаментінің негізсіз әрекетіне қатысты осыған ұқсас мәселемен Шығыс Қазақстан облысының «Тепломонолит» ЖШС да жүгінді. Мемлекеттік орган жоспардан тыс тексеріс нәтижесінде ескерілмеген көңді анықтап, кәсіпорын қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатсыз жұмыс жасады деген қаулы шығарып, серіктестікке 86 263 939 теңге мөлшерінде айыппұл салады. Алайда облыстық соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот алқасының қаулысымен сома 506 190 теңгеге дейін төмендетіледі. Қаулыда Экология департаментінің дәлелі негізсіз деп танылғаны көрсетілген.

Дей тұрғанмен, «алтын көң» туралы норма бұрынғыша еліміздің экологиялық заңнамасын әрлендіріп тұр және кәсіпкерлерге миллиондаған теңге айыппұл салуға мүмкіндік беруде. Барлық түйткілдерді жүйелі түрде шешуге әдеттенген «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасын көңді «улаушы заттар» тізіміне қосудың заңдылығы қатты ойландырып отыр…


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер