«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Еуразиялық аграрлық өнеркәсіп кешені: бәсекеге қабілеттілікке бет алу

2015 жылғы 31 Шілде
10088 просмотров

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың жаңа кезеңі жақындап қалды

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аграрийлері, Еуропалық Одақ тарапынан өсіп келе жатқан бәсекелестік жағдайында бұдан әрі дамудың кідіртуге болмайтын түйткілдерін шешу үшін, Мәскеуде бас қосты.

Ресей Өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер одағының жанындағы комиссия Еуразиялық экономикалық комиссия қолдауымен дөңгелек үстел өткізіп, оған ЕАЭО елдерінен 60 өкіл қатысты. Сөз алғандар «халықаралық ынтымақтастықты және экономикалық интеграцияны кеңейтудің кәсіпкерлік орта үшін жаңа мүмкіндіктер беретінін» атады. Сонымен бірге интеграциялық процестер динамикасы ЕАЭО мүше мемлекеттері бизнес-қоғамдастығы ұйымдарының механизмдерін жетілдіруді және оның Еуразиялық экономикалық комиссиямен әрекеттестігін талап етеді.

2015 жылғы 21 мамырда Қазақстанда VIII Астана экономикалық форумының аясында белорустық-қазақстандық-ресейлік бизнес-сұхбат базасында (2010 жылғы желтоқсан айынан бастап келе жатқан формат) Еуразиялық экономикалық одақ Іскерлік кеңесін құру туралы келісімге қол қойылғаны белгілі. Оның негізгі міндеттері – одақ органдарымен ЕАЭО іскерлік қоғамдастығының ұстанымын келістіру, мүше мемлекеттердің бизнес өкілдері арасындағы сұхбатты жөнге салу және оларды жан-жақты ынтымақтастыққа тарту.

Іскерлік кеңес ЕАЭО аясында сауда-экономикалық қатынастар, өнеркәсіптік және қаржылық ынтымақтастықтың дамуына, ұлттық экономикалардың бәсекеге қабілеттілігін көтеруге жәрдемдесетін болады. Кедергілерді анықтау, мүше мемлекеттер нарығына өзара қолжетімділікті шектеулер мен алуларды анықтау да оның құзыретіне кіреді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар ЕАЭО мүше мемлекеттердің агроөнеркәсіптік кешенінің бұдан әрі дамуы интеграциялық процестермен және қатысушы елдердің ішкі дамуымен, сондай-ақ сыртқы саяси жағдаймен байланысты жаңа жағдайларды ескере отырғанда өзара тиімді халықаралық ынтымақтастық жазықтығында жатқанын атап өтті.

Дөңгелек үстелге қатысушылар ЕАЭО реттеуші органдарының алдында шоғырландырылған ұстанымымен шыға алатын ұлттық бизнес-қауымдастықтар арасындағы деңгейлес байланыстарды тұрғызуға ерекше маңыз береді.

Агроөнеркәсіп саласындағы интеграциялық процесті қамтамасыз етуге арналған негізгі фактор ЕАЭО мүше мемлекеттердің агроөнеркәсіптік кешенінде еуразиялық технологиялық платформаларды құру және олардың тиімді қызмет жасауы болып табылады. Олар билік органдары, ғылыми қоғамдастық, бизнес, мемлекеттік, қоғамдық және бейкоммерциялық ұйымдар арасындағы қарым-қатынастың байланыстырушы буыны әрі үйлестірушісіне айналуға тиіс. 

ЕАЭО мүше мемлекеттердің АӨК-те салалық интеграциясы басымдылықтарын дайындау үшін консультациялр жүргізу кезінде Еуразиялық экономикалық комиссиямен және уәкілетті органдармен әрекеттестікті беслсендіру ұсынылды (астық, қант, өсімдік майы, ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері және т.б.).

Дөңгелек үстелге қатысушылар ЕАЭО агроөнеркәсіп кешені нарықтары мен жекелеген салаларының қызмет етуіндегі заңнама мен нормативтік базаны үндестіру жөнінде ұсыныстар даярлауға қаулы етті. ЕАЭО аясында мемлекетаралық кооперациялар негізінде қаржыландыру көздері мен қолдау механизмдерін қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін дайындаумен бірінші кезекте жүзеге асыруға арналған басымдылықты агроөнеркәсіптік пилоттық жобалар тізбесін қалыптастыру ұсынысы айтылды.

Еуразиялық одақ аграрийлері Еуразиялық экономикалық комиссияның «АӨК тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі технологиялары – пайдалы тамақтану азық-түліктері» Қауымдастығы және «Еуразиялық биотехнологиялық тұғырнама» Консорциумымен бірге дайындаған инновациялық кооперациялық жобаларды ұйымдастыру және жүзеге асыру мүмкіндігін, және де ұсыныстарды ЕАЭО мүше мемлекеттердің ықтимал серіктестеріне жолдауды ұсынады.

Тараптар ауыл шаруашылығы және аграрлық азық-түлік нарықтарын дамытудың өзекті мәселелері бойынша бірлескен іс-шаралар өткізу және Халықаралық агроөнеркәсіптік көрмелерге қатысу жөнінде жұмыстар жүргізу қажеттігін алға тартып отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер